Айтыспен өлең жарысса...

Malim Админ

  • 20.10.2020

Жақында менен бір қазақ «Осы айтыс деген не, өлең деген не? Айырмашылығы бар ма?» деп сұрады. Мен оған не деп жауап берерімді білмей қалдым.Сосын мына бір өлеңді мысалға келтірдім:

«Өрден ойға балақ түріп ,

Өзен неге тасиды екен?

Ойдан өрге қарап тұрып

Адам неге жасиды екен?

Өзендердің таситыны-

Өрлігі ішке сыймайды екен.

Адамдардың жаситыны-

Арман түбі көрінерде

Бірін-бірі қимайды екен.» (Меңдекеш Сатыбалдиев ) Бұл - өлең. Бұл - поэзия. Бұл - философия. Осы өлеңді айтысқа салсақ, не болар еді?!

«Көктемде өзендер де тасиды ғой,

Адамдар да кей кезде жасиды ғой.

Ақындар да аламаннан шығып қалса

Амалсыздан желкесін қасиды ғой.

Дәй-дәй.»

Бұл –айтыс. Бұл- қазіргі айтыс. Қай сөз құндырақ ? Өлең бе, әлде айтыс па? Абай атамыз : «бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, десін, десін деп жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді кей қазақ»дейді . Кейде мен «айтыс, айтыс» деп жүріп , кітапты, поэзияны ұмытып кетеміз бе деп қорқам. Айтысқа қаражат бөлу мен қолдау жоғары денгейде. Егер Абай мен Махамбеттің кітабы шығып, елге бағасы 10000 теңге деп сатар болса , ой не деген қымбат дер ме еді ?! Ал айтыста бас жүлдеге үш миллион не үш жүз мың тігілсе, ойбай-ау, аз боп қалды –ау деп қымсынатын денгейге жеткендейміз. Біздің қазақы мінезіміз осындай ма еді?!

Маржан ЕРШУ

"Шығармашылық лаборатория" кітабынан үзінді.

 

Байланысты жаналықтар

Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

27.03.2024

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

27.03.2024

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

26.03.2024

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

25.03.2024

Қазақ боксшылары 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жеңіп алды

24.03.2024

Сегіз қазақстандық боксшы Литвадағы турнирдің финалына шықты

23.03.2024
MalimBlocks
Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензия бар.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Қазақ спортшылары олимпиадаға жолдаманы Тблисиде өткен әлем кубогінде жеңіп алды.

Қазақ боксшылары 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жеңіп алды

Халықаралық жарыс Литваның Кунас қаласында өткен. Турнир боксшы әрі тренер Альгирдас Шоцикас құрметіне ұйымдастырылған.

Сегіз қазақстандық боксшы Литвадағы турнирдің финалына шықты