Әбішев бес жылға сотталды

Malim Админ

  • 18.02.2020

Бүгін астанада ауданаралық сотта Су ресурстары комитетінің бұрынғы басшысы Ислам ӘБІШЕВ пен Қазақ күресі федерациясының вице-президенті Серік ТҮКИЕВКЕ қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы МӘЛІМ сайты хабарлайды.

Судья Қажымұқан МЕКЕМТАС Ислам АЛМАХАНҰЛЫН бес жылға (мерзімін қоныс колониясында өтейтін болады), Серік Түкиевті төрт жылға бас бостандығынан айырды. Олар сот шешімімен келіспейтінін және апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты. Сонымен қатар, судья адвокат Абзал ҚҰСПАН сотқа жала жапты деп, журналистер Өмірзақ АҚЖІГІТ, Сәуле ӘБІЛДАХАНҚЫЗЫ сот беделін түсірді деп шешім шығарды. Және бір айдың ішінде шара қолдануға прокуратураға тапсырды.

Су ресурстары комитетінің экс-төрағасы Ислам ӘБІШЕВ былтыр наурыз айында қамауға алынған еді. Оған бопсалау арқылы 60 млн теңгеден астам пара алуға оқталды деген айып тағылған.

Фото: fergana.ru

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks