Бекшиннің шамасы "Мегаға" жетеді, барахолкаға жетпейді

Malim Админ

  • 26.10.2020

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін өткен онлайн брифингіде сенбі күні рұқсатсыз жұмыс істеген Mega ойын-сауық кешені жазаланатынын мәлімдеді.

"Бұл оқиға сенбі күні болды. "Мега" әкімшілігі сенбі күні жұмыс істеуге болмайтынын білмедік дейді. Олар өтірік айтып отыр, олар бәрін жақсы білді. Бұған дейін аумақтық бас санитар дәрігердің рұқсаты болса ғана жұмыс істеуге рұқсат етілетінін айтқан едік. 22 қазагн күні вирус жұқтырғандар көбейді. Сөйтіп, біз осы жағдайды зерттей келе бас санитар дәрігер мен үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссиясының шешімін орындай алмаймыз деген шешімге келдік", - деді Ж.Бекшин.

Еліміздің бас санитар дәрігері мен үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия өткен аптада сауда ойын-сауық орталықтарына сенбі күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі деген шешім шығарған. Алайда өкілеті бұлардан кем емес Алматы қаласының бас санитар дәрігері сенбі күні ойын-сауық орталықтарының жұмысына рұқсат етпеген болатын.

Енді қаланың бас санитар дәрігері "Мегаға" айыппұл саламын деп күшеніп отыр.

"Айыппұл саламыз. Мониторинг топтары тексеру нәтижесін емханалық ұйымдарға береді, олар бізге жібереі. Біз оны прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп орталығына жібереміз. Олар тексеруді тіркесе, оқиғаны зерттеп, жауапқа тартамыз. шағын бизнес үшін айыппұл көлемі  - 310 айлық есептік көрсеткіш немесе 861 мың теңге, орта бизнес үшін бұл - 1060 айлық есептік көрсеткіш", - деді Бекшин.

Бүгін Forbes басылымына сұхбат берген "Мега" иесі Нұрлан Смағұлов 19 қазан күні ведомствоаралық комиссия сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысына рұқсат еткендіктен, астана мен Алматыдағы "мегалар"  "көтеріңкі көңіл күймен" ашылғанын айтты. Н.Смағұлов барлық санитарлық талап пен арақашықтық сақталатын сауда ойын-сауық орталығын ашпай, бұл талаптарды сақта бермейтін барахолканың жұмыс істеуіне шектеу қоймауды екі түрлі стандарт деп атады.

Байланысты жаналықтар

Қазақстан «сары» аймаққа көшсе Үкімет қандай шара қабылдайды?  

01.07.2022

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

12.01.2022

Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады

28.12.2021

Бекшин зейнетке шықпақ

24.12.2021

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021
MalimBlocks
Қазақстан «сары» аймаққа көшсе Үкімет қандай шара қабылдайды?  

Маусымның ортасынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны  артқан

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады

Бекшин зейнетке шықпақ

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров