Қытайдың Тоқаевқа тарту еткен суперкомпьютері

Malim Админ

  • 19.02.2020

Үкімет Қытайдан Қазақстанға суперкомпьютер алдырту жөніндегі келісімді мақұлдады. Қытай Қазақстанға тарту еткен құны 109,66 миллион юань тұратын суперкомпьютер таяуда елге жеткізілмек.

Қытай Қазақстанға суперкомпьютер сыйлап, оны елге өзі жеткізіп, орнатып бермек. Қытай  Қазақстанға сыйлаған суперкомпьютердің қуаты - 2 петафлопс. Мұндай компьютер қолданбалы физика, математика, химия, сейсмология мен метеорологиядағы есептеулерді жылдам жүргізе алады. Ол әлемдегі ең үздік әрі жылдам 500 суперкомпьютерлердің қатарында. Компьютер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы Жібек жолы университеттері альянсының халықаралық IT-технопаркіне берілмек. Енді қазақстандық ғалымдар шетелдік әріптестері тәрізді күрдеулі модельдеу мен есептеулерді әп-сәтте жасап шыға алады. Бұл сөз жоқ, ғылымды ғана емес, отандық IT саласын дамытатын дүние.

Президент Қ.Тоқаев былтыр қыркүйекте Қытайға сапармен барғанда аспанасты елі Қазақстанға суперкомпьютер сыйлаймыз деп уәде берген. Екі елдің арасында суперкомьютер жобасы жөніндегі келісімге сол тұста қол қойылған. Қ.Тоқаевтың Қытайға сапарын жазған мемлекеттік ақпарат құралдары әлемде мұндай теңдессіз суперкомпьютерлер некен-саяқ, бар болғаны алты, оның бірін Қытай Қазақстанға тегін берді деп жарыса жазған. Бірақ технология бойынша әлдеқашан бәсекелеске айналған алпауыт елдер әлдеқашан жүз шақты суперкомпьютер шығарып тастап, онысын пайдаланып жүр. Әлемдегі ең мықты компьютерлердің тізімін жасап шыққан TOP500 systems мәліметіне қарағанда, Қытайда 227 суперкомпьютер бар. АҚШ-та 118 суперкомпьютер бар, аспанасты елімен салыстырғанда саны азырақ болғанымен, жылдамдығы әлдеқайда күшті. АҚШ-тағы ең мықты екі компьютердің қуаты 200 петафлопсқа (секундына 200 квадриллион есептеу) тең. Ал Қытайдағы ең жылдам суперкомпьютердің қуаты - 94 петафлопс. Жапонияның 29, Францияның 18, Германияның 16, Нидерландының 15, Ирландияның 14 және Ұлыбританияның 11 суперкомпьютері бар.

Сурет: hightech.fm 

 

Байланысты жаналықтар

Ресейдегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

23.03.2024

Тоқаев Елтаңбаны өзгертуді ұсынды

15.03.2024

Бас прокурор Тоқаевқа есеп берді

14.03.2024

Тоқаев «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады

14.03.2024

«Қоқысты таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды»: Премьер-Министр қайта өңдеу саласын сынға алды

12.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына келді

11.03.2024
MalimBlocks
Ресейдегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

Тоқаев Елтаңбаны өзгертуді ұсынды

Президент Елтаңбаға қатысты сыни пікір көп екенін айтты.

Бас прокурор Тоқаевқа есеп берді

Бірқатар резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталып, Қазақстанға қайтарылған.

Тоқаев «Самұрық-Қазына» төрағасын қабылдады

Қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы баяндалды.

«Қоқысты таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды»: Премьер-Министр қайта өңдеу саласын сынға алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына келді