"Ауыл – ел бесігі" жобасының аясында 920 жоба іске асты

Malim Админ

  • 29.10.2020

"Ауыл – ел бесігі" жобасының аясында 2020 жылы 216 ауылға 98,0 млрд. теңге бөлініп, 920 жоба іске асырылуда (РБ - 84,2 млрд. теңге, ЖБ - 13,8 млрд. теңге). Аталған қаражат көлік инфрақұрылымын дамыту тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағыттары бойынша жүзеге асуда.

Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өңірлер 57,1 млрд.теңгені игерді, 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, 187 жобаны іске асыру аяқталды.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында іріктеліп алынған ауылдық елді мекендерде «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еңшілес компанияларының есебінен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 қыркүйекке дейін 7 477 млн. теңгеге 1128 жоба қаржыландырылып, 1691 жұмыс орны құрылғанын айтты.