Қуанышбек Ысқақовтың алғашқы "спектаклі"

Malim Админ

  • 19.02.2020

Бүгін Қызылорда қаласындағы Нартай БЕКЕЖАНОВ атындағы облыстық театрда облыс әкімі Қуанышбек ЫСҚАҚОВ алғашқы «спектаклін» қойды.
Облыс басшысының есебіне әдеттегідей көбіне мұғалімдер, дәрігерлер, полиция және басқа да мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Жиын театрда өткесін әркім өзінше өз рөлдерін ойнады. Бастапқыда аймақ басшысы тұрғындарға  жыл бойы атқарылған жұмысын бір сағат бойы жіпке тізді. Залдың алдыңғы қатарында актив жиындарда әкімді күнде көретін шенеуніктер жайғасты. Театрдағы рөл демекші, маужырап, қалжырау үшін келгендер де өз шаруаларын мінсіз атқарды.


Әкімнің есебі аяқталған соң сұрақ-жауап кезеңінде де бірнеше тұрғын елдің ауызында жүрген мәселелерді сұрақ қылып қойды. Қысқасы, жауабы бар сұрақтар қойылды.

Оған әкім Ысқақов мүдірмей жауап берді. Өзі мүдірмей жауап беретін сұрақтар аяқтала бастағанда залда отырған егде жастағы ер кісі әкімге алғысын білдіріп, жиынды қорытындылайық деп халықтан рұқсат сұрағаны сол еді, өзін ЖСДП партиясының өкілімін деген Ләззат БАҚТЫБАЕВА қолына микрофон алды. Бағанадан барлық сұрақтарға саспай жауап берген аймақ басшысы аяқасты қойылған сұраққа қинала жауап қатты.


«Әкім болып тағайындалғалы сізбен кездесу бір бұйырмағандықтан осында келуге мәжбүр болдық. Бірінші қоятын сұрағым әлеуметтік желілерде жазылып жатқан мәселе жайлы. Қызылорда облысының қаржысы ысырап болып жатыр. Оған дәлел 2,6 млрд теңгеге Жаңақорған ауданында салынып жатқан мектеп. Қызылордада көп жерде жаяу жүргіншілерге жол жасалмаған. Дегенмен біз 1 млрд теңгеге Қазалы ауданында әкімдік ғимаратын, 1 млрд теңгеге мәдениет үйін салып жатырмыз. Бізде облыста ішкі саясат басқармасы және бөлімдері бар. Біз ЖСДП-ның осы өңірдегі филиалының жетекшісіміз. Түрлі қоғамдық-саяси жұмыстар атқарамыз. Бірақ ішкі саясат басқармасы, бөлімдердің басшыларымен екі жылдан бері кездесу бұйырмай жүр», - деді Ләззат Бақтыбаева.


«Жаңақорғандағы мектепке бөлінген 2,6 млрд теңгені мемлекеттік сараптама дұрыс деп тапты. Бір адамның капризінен артымызда тұрған бүкіл халықтың мәселесін далаға тастай алмаймыз», - деді Қуанышбек Ысқақов.


Осылайша әкім Қуанышбек Ысқақовтың есеп беру жиыны өзі күтпеген сауалмен аяқталды. Ұйқысы қанған жұрт та, жұмысынан қалғандар да қанша асыққанымен бірден кетпеді. Президент секілді жолға шыққан әкім картежі өткенше жол полициясы көшедегі басқа көліктерді бөгеп тұрды.

 

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

«Гладиатор 2» көш бастап тұр

20.11.2024

«Бауырына салу» «Оскар»-ға ұсынылды

16.11.2024

Күйші Қайрат Айтбаевтың кітабы жарық көрді

15.11.2024

Шәмшінің әніне авторлық қоғам 18 мың теңге төлеген. Мәжілісте заң жобасы талқылануда

14.11.2024

Семейлік әнші рекорд үшін 100 әнді тоқтаусыз орындайды

14.11.2024

Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері президентке хат жазды

13.11.2024
MalimBlocks
«Гладиатор 2» көш бастап тұр

Африкаға кеткен ұлдың Рим империясы әскерінің шабуылынан қолға түсіп, өз отанынан құл болып оралуы, гладиаторға айналып, талай жекпе-жекте жеңгені туралы өрбиді

«Бауырына салу» «Оскар»-ға ұсынылды

Фильм ауыл өмірінің қиын тіршілігін бейнелейді

Күйші Қайрат Айтбаевтың кітабы жарық көрді

Ал аты түркі әлеміне мәшһұр қай­раткер, скрипкашы Дүйсен Қа­сейі­нов ұлттық дәстүрлі өнердің сак­ральді қырларына кеңірек тоқ­тал­ды.

Шәмшінің әніне авторлық қоғам 18 мың теңге төлеген. Мәжілісте заң жобасы талқылануда

Ақшаның 70 пайызын қоғам өзі алып қалады, 30 пайызын ғана авторға береді

Семейлік әнші рекорд үшін 100 әнді тоқтаусыз орындайды

Әнші Гиннесс рекордтар кітабына тіркелу үшін арнайы концерт берді

Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері президентке хат жазды