Коммунистер үкіметпен келіспейді екен

Malim Админ

  • 30.10.2020

Компартия бүгін мәлімдеме жасады. Үкіметке ренжіп қалыпты. Кредитті кешіруге қатысты депутаттық сауалдарына үкімет жіберген жауапқа ары-бері қарап, ойлана келе бүгін қарымта жауап қатты.

«Азаматтар мен шағын және орта бизнес үшін кредиттік рақымшылық жүргізу қажеттігі туралы депутаттық сауалына берген жауабымен мүлдем келіспейді. Монетарлық билік пен Үкіметтің жауабы шенеуніктердің өмір шындығынан тысқары қалғанын көрсетеді. Тіпті оптимистер де бұрмаланған статистикаға сенуді доғарды. Бірақ ресми мәліметтер бойынша, қазақстандықтардың нақты кірістерінің жылдық төмендеуі 2,5 пайызды құрады»,- деп салыпты компартия.

Сөйтеді де, Ұлттық банктің  сөзін келтіреді. Үкіметтің шектеу шараларынан кейін іскерлік белсенділік төмендеп, жыл соңына дейін қазақстандықтардың кредиттелуі өседі деген болжын алға тартады.

«Мұны коммунистердің қалалар мен ауылдарда азаматтар мен шағын және орта бизнестің жағдайы күрт нашарлап бара жатыр деген байламы растайды және бұл азаматтардың нақты қолдағы кірістерінің, шағын және орта бизнестің несиелендіру есебінен түсімінің төмендеуін алмастыруға мәжбүр етеді. Жаңа несиелер енді даму үшін емес, алдыңғы қарыздарды, жалдау төлемдерін, жұмысшылардың жалақысын, салықтарды жабу үшін алынады»,- деп бір қайырыпты коммунистер.

Билік 2020 жылғы 16 наурыз бен 15 маусым аралығында жеке тұлғалар мен ШОБ субъектілері үшін кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдырған еді. Осы жеңелдікті 1 890 443 адам немесе жеке тұлғалардың барлық қарыз алушыларының 34 пайызы ғана пайдалан болатын. Осы деректі ескерген коммунистер енді жаңа проблема шығады деп болжайды. Кредит бойынша кезекті төлемдерге қосу үшін кейінге қалдырылған төлемдер сомасының (268 миллиард теңге) қосарлануында  проблема бар. Бұл ретте бизнес күшейіп, бұрынғы қалпына келген жоқ. Әлсіз бизнеске қосарланған төлемдер ауыр тиеді дейді коммунистер.

«Кәсіпорындардың қаржылық жағдайының динамикасына жүргізілген талдауға сәйкес, пандемияның таралуына байланысты шектеу шараларының салдарынан тұрақты кәсіпорындар үлесінің біртіндеп төмендеуі және қаржылық жағдайы қиын кәсіпорындар санының өсуі байқалады» деп мәлімдемелерін аяқтаған компартия үкіметке басқа қандай қыр көрсететінін ашып айтпапты.

Бас бетте көрнекі сурет

Байланысты жаналықтар

Кредиті кешірілген азаматтар қайтадан қарызға батып жатыр

06.03.2024

Депутат шеруге Сталин мен Берия портретін алып шыққандар туралы: Олардың өз таңдауы

11.05.2022

Қазыбек Дәуітәлі: Халықтың кредитін қалай кешіру керек?

12.11.2020

Қазақстан коммунистері ұлтшылдардан қауіптенеді

11.08.2020

Тағы да 42500. Сондағы Смирнованың айтқан сөзі...

29.04.2020
MalimBlocks
Кредиті кешірілген азаматтар қайтадан қарызға батып жатыр

Тіпті кейбірінде проблемалы кредит те бар.

Депутат шеруге Сталин мен Берия портретін алып шыққандар туралы: Олардың өз таңдауы

Бұрынғы коммунистер қазіргі Қазақстан халықтық партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Ғазиз Құлмұхаметов 9 мамырда көшеге Иосиф Сталин мен Лаврентий Берияның портретін көтеріп шыққандардың бұл әрекетің олардың өз моралдық құқығы деп бағалады.

Қазыбек Дәуітәлі: Халықтың кредитін қалай кешіру керек?

Қазақстан коммунистері ұлтшылдардан қауіптенеді

Тағы да 42500. Сондағы Смирнованың айтқан сөзі...