"Елде саяси партия құру мүмкін емес дегенмен келіспеймін"

Malim Админ

  • 20.02.2020

Елде саяси партия құруға тырысқан топтардың ешқайсысы әзірге мақсатына жетпеді. Партия құруға ниеттенген азаматтар қазіргі жүйеде қандай да бір саяси күшті тіркеу мүмкін емес екенін өздері де жақсы түсінеді. Олай болса, партия құруға әлектенудің не қажеті бар? Осы сұрақты партия құрамыз деп жүрген белсенділердің өздеріне қойып көрдік. 

Былтыр "Республика" партиясы құрылатынын жариялаған белсенділердің бірі Бэлла ОРЫНБЕТОВА партияны тіркемейді екен деп қол қусырып отыруға болмайды, "ешкім әрекеттенбесе, жүйе өзгермейді" деп есептейді.

- Партияны құру ойымыздан айнып қалған жоқпыз. Бірақ күш тең емес екенін мойындау керек. Партия мүшелеріне, олардың отбасыларына хабарласып, қысым көрсеткендер, арандату жасағандар болды. Сондықтан партия құру бастамасын сәл тоқтата тұрдық. Оның үстіне қаржы проблемасы болды. Қаржы көзі өзіміз ғана болдық. Партияға ақшаны өзіміз ғана салдық. Бірақ жұмыс мүлде тоқтап қалған жоқ. Көзге көрсетпей, астыртын ұйым құрып жатқан сияқты әрекетке көштік.

- Астыртын әрекеттен шығып, партия құруға тырысып, съезд өткізесіздер ме?

– Партия съезін өткізу үшін мың адамның жолын көтеріп, съезд өтетін орынды жалға алу керек. Съезге келетін делегаттар кездейсоқ адам емес, батыл, жанкешті адам болуы керек. Бәлкім, Жанболаттың проблемасы адамдарды, команданы дұрыс таңдамауы шығар немесе кейбір адамдар әлсіздік танытқан шығар. Заңда мына қаладан он, мына қаладан отыз адам келуі керек деп айтылмаған, әр аймақтан бес адам болса да өткізе беруге болатын еді.

Мәселе мың адамды съезге шақыра салу емес, үні бір жерден шығатын мықты адамдарды іріктеп алу. Ол үшін съезд өткізбес бұрын аймақтарға сапарға шығып, түсіндіру жұмыстарын өткізу керек. Съезге келушілерді іріктеу керек. Ол да көп шығын.

- Кез келген саяси партияны қазіргі жағдайда құру, тіркеу мүмкін емес екенін өздеріңіз де түсінесіздер. Олай болса партия құруға әркеттенудің қажеті бар ма?

- Қажеті жоқ деп отыра беруге де болмайды, өйткені ешкім әрекеттенбесе, жүйе өзгермейді. Қазіргі жағдайда қысым кез келген оппозициялық күштің басына түсуі мүмкін. Сондықтан әріптестерді қолдау керек.

Қосановты өткен президент сайлауында көп адам қолдады, ол дауыстардың басым көпшілігін алды деп ойлаймын. Бірақ ол оның алып бара жатқан лидерлік қабілетіне байланысты емес, билік кандидаттарынан басқа адам келді, халық сол себепті дауыс берді. Ертең жаңа партия шықса, халық соған дауыс береді. Бұрын бақылаушылар институты да бейқам болды. Қазір бақылаушылар сайлауға осы бастан дайындалып жатыр. Сайлау бұрынғы сценариймен жүрмейді. Мұны билік те түсінеді,  дауыстан айырылып қаламыз деп қорқып отырғаны содан. Сөйтіп, проблема шықпай тұрғанда, қандай да бір әрекетті басып тастауға тырысады. Сондықтан ертең билік ығына жағатын басқа партияны тіркеуі мүмкін.

Кеше съезд орнына митингіге шығатынын мәлімдеген "Қазақстан демократиялық партиясы" бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат МАМАЙ партияны құру жөніндегі әрекеті осымен тоқтап қалмайтынын айтты:

- Қазіргі билік өздеріне қарсы тұра алатын, елде тіркелген саяси партияларға балама бола алатын саяси күштің тіркелгенін қолдамайды, жән-тәнімен авторитарлы жүйені сақтағысы келеді.  Қандай да бір демократиялы партиялардың, елде саяси реформа жасағысы келетін тәуелсіз күштердің легитимді алаңда пайда болуына қарсы күрес ашады.

Елде саяси партия құру мүмкін емес дегенмен келіспеймін. Өйткені бізде саяси партия құрылды. Саяси партия қағаз жүзінде болмаса да, іс жүзінде Қазақстанның демократиялық партиясы бар.

Біз партияны тіркеуді бастағанда, елде партия құрудың екі-ақ жолы бар екенін мәлімдедік. Оның біріншісі - билікпен ымыраласу, келісу. Бұл жолды таңдамаймыз дедік. Екіншісі бізді тіркемей, жақтастарға қысым көрсетіп, арандату жасалса, онда көшеге шығамыз дедік. Енді міне, тосқауыл қойылғанын көрдік, сондықтан көшеге шыққалы отырмыз. Осылайша билікті мәжбүрлеу арқылы партияны тіркеу процесін бастамақпыз. Бұл біздің бірінші акциямыз болғанымен, соңғысы емес.

Ал партиясын былтыр құруға әрекет жасап көрген "ХАҚ" партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі Тоғжан ҚОЖАЛИЕВА бүгінгі күнді емес, ертеңді ойлау керек дейді.

- Біріншіден, біздің жүйеге жаңа күштің шыққаны қажет емес. Билік мұны өздерінің тұрақтылығын шайқалтатын, қауіп төндіретін дүние ретінде көреді. Қазір бейбіт жиын өткізу, саяси партиялар мен сайлау туралы заңға қарап-ақ осыны ұғу қиын емес. Билік кез келген пікір білдіру мен саяси институт құруды қауіп көретіндіктен, партия құру әрекетіне тосқауыл қойыла бермек.

Біз партия құрамыз деп жарияладық, алайда бастамашыл топтың өтінішін қабылдамады. Дегенмен біз бір жылмен, бүгінгі күнмен ғана өмір сүрмейміз ғой. Түптің түбінде жүйе ауысады. Сондықтан қазіргі мақсатымыз халықты оятып, партия құруға дайындау, оларды партия құруға ниетті ету.

Байланысты жаналықтар

М. Әбжан 9 жылға сотталды, Ж. Мамай 10 жылға сотталады...

03.02.2023

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

30.01.2023

Тоқаевты қолдайтын Азамат Әміртайдың партиясы тіркелді

30.11.2022

Мамайдың айыбы жеңілдеді

27.10.2022

Президент болғысы келмейтін кандидаттар

12.10.2022

Ринат 10 жыл бұрын Сатыбалды мен Назарбаевты қалай мақтады?

02.08.2022
MalimBlocks
М. Әбжан 9 жылға сотталды, Ж. Мамай 10 жылға сотталады...

Саяси реформаларға шақыру, әрине, қылмыс емес. Бірақ 10 жылға бас бостандығынан айыру – қылмыс

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

Сонымен сайлауға үміткерді тіркеу басталып кетті! Ал мен күткен қандастар үнсіз («Республика» партиясының жетекшісінің бірі Сырымбет Тауды есепке алмаймын).

Тоқаевты қолдайтын Азамат Әміртайдың партиясы тіркелді

Қазақстанға  + 1 саяси партия. Атауы - «Байтақ». Ұраны  -- экология. Жалауы жасыл. Бұл өзі Қазақстанда оншақты жылдан бері дүниеге зорға келген партия. Көсемі Азамат Әміртай.

Мамайдың айыбы жеңілдеді

"Демпартияны" тіркей алмай жүрген Жанболат Мамай ақпан айынан бері қамауда жатыр.

Президент болғысы келмейтін кандидаттар

Елеусізов пен Қосановтың ізбасарлары Жаңа Қазақстанда да көп.

Ринат 10 жыл бұрын Сатыбалды мен Назарбаевты қалай мақтады?

Кешелі бері Ақсуаттағы айтыстағы Зайытов пен Байтуов жұбы хит болып жатыр. Жұрт "Ринат шындықты айтты" деп шулап жүр. Ол қандай шындық деп, айтысты арнайы көрдік. Адамның сөзі заманмен бірге өзгере береді екен.