Әзербайжан ұшақ апаты бойынша Ресейді сотқа беруге дайындалып жатыр

Malim Админ

  • 07.02.2025

Әзербайжан Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуекомпаниясының жолаушы ұшағы апатына байланысты Ресейді халықаралық сотқа беруге "дайындалып жатыр". Бұл туралы Әзербайжанның "АПА" ақпарат агенттігі хабарлады. Мәліметке қарағанда, Баку "фактілер мен айғақтар жинап жатыр", деп хабарлайды Abai.kz-ке сілтеме жасап, Malim.kz.

Әзербайжан билігі Қазақстанның көлік министрлігі ұшақ апаты жайлы алдын ала есепті жарияланғаннан кейін де Ресей тарапының оқиғаға "біржақты пікір беруді" жалғастырып жатқанына наразы.

Баку "ресейлік шенеуніктер, сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары оқиғаға [Ресейдің] қатысы бар екенін жоққа шығаруды жалғастырып, кінәні экипаждың мойнына ілгісі келіп отыр" деп есептейді. Биліктің пікірінше, Ресейдің мұндай тактикасы 2014 жылы ресейлік "Бук" зенит-зымыран кешені Донбасс аспанында атып құлатқан малайзиялық Boeing 777 жолаушы ұшағы апатын еске түсіреді.

AZAL ұшағына қатысты бұйрық берген және оны атқан адамдар, сондай-ақ қару түрі туралы ақпарат Әзербайжан билігінде бар деп жазды "АПА" агенттігі. Әзербайжан тарапын Мәскеудің "тергеуді басқа бағытқа бұруға және кінәні экипажға артуға" деген талпынысы "қынжылтады" дейді басылым.

"Әзербайжан шарттары мен талаптарын жоғары деңгейде көрсетті", – делінген ақпаратта. Баку "Ресеймен диалогқа есік ашық" деді: "Мәскеу кінәсін ашық мойындап, жауапкершілікті мойнына алуы керек.

Фото: Ашық дереккөзден.

Байланысты жаналықтар

Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу қашан аяқталады

19.02.2025

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала есебі келесі аптада жариялануы мүмкін

24.01.2025

Көлік министрлігі желіде жарияланған «қара жәшік жазбаларына» түсініктеме бермейтінін мәлімдеді

16.01.2025

«БАҚ-тағы ақпаратты растамайды». Ресей министрі қара жәшік жазбалары жайлы айтты

14.01.2025

Ақтаудағы ұшақ апаты: «Қара жәшік» жазбалары алдағы күндері келеді

07.01.2025

Ақтау маңындағы ұшақ апатын суретке түсірген блогер бостандыққа шықты

05.01.2025
MalimBlocks
Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу қашан аяқталады

Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеудің алдын ала есебі келесі аптада жариялануы мүмкін

Есепте авиациялық биліктердің әуе оқиғасын тергеу мәліметтері берілуі тиіс

Көлік министрлігі желіде жарияланған «қара жәшік жазбаларына» түсініктеме бермейтінін мәлімдеді

Желіде «қара жәшік жазбаларының» күмәнді мәтіні жарияланған еді

«БАҚ-тағы ақпаратты растамайды». Ресей министрі қара жәшік жазбалары жайлы айтты

Ақтаудағы ұшақ апатына негізінен Ресей аумағындағы шабуыл себеп болғаны айтылған еді

Ақтаудағы ұшақ апаты: «Қара жәшік» жазбалары алдағы күндері келеді

Бұл туралы Көлік министрлігі хабардар етті

Ақтау маңындағы ұшақ апатын суретке түсірген блогер бостандыққа шықты

Ол полицияның айтқанына бағынбағаны үшін ұсталған еді.