Біреуі түсік жасатуға қарсы, ал біреуі ЛГБТ-ны қолдайды: Рим Папасы болуға үміткерлер аталды
2025 жылғы мамырда Ватиканда 100-ден астам кардинал жиналатын конклав өтеді.

2025 жылғы мамырда Ватиканда 100-ден астам кардинал жиналатын конклав өтеді. Олар Католик шіркеуінің келесі басшысын – жаңа Папаны таңдайды. BBC тоғыз ықтимал үміткер туралы мәлімет ұсынды, - деп хабарлайды Malim.kz.
Папа кім бола алады?
Теориялық тұрғыда Рим Папасы кез келген католик шіркеуінде шоқынған ер адам бола алады. Бірақ 1378 жылдан бері тек кардиналдар ғана сайланып келеді. Олардың өзін қызметтегі Папа тағайындайды.
Басты факторлар:
Үміткердің шыққан елі маңызды: 266 Папаның 217-сі – италиялық.
Папаның жасы да рөл атқарады, ол тым жас не тым кәрі болмауы керек.
1. Пьетро Паролин, 70 жаста, Италия
Ватиканның мемлекеттік хатшысы. Дипломатиялық тәжірибесі мол, итальялық, Папа Францискке жақын тұлға. 2021 жылғы ақшаға қатысыт басы дауға қалғанымен, айып тағылмаған.
2. Маттео Дзуппи, 69 жаста, Италия
Болонья архиепископы, прогрессив көзқараста, велосипедпен жүретін кардинал. Украинада бейбітшілік миссиясын атқарған.
3. Пьербаттиста Пиццабалла, 60 жаста, Италия
Иерусалимнің Латын патриархы. Жас болса да, тәжірибесі мол. 2023 жылы өзін тұтқынға айырбастауға дайын екенін мәлімдеген.
4. Петер Эрдё, 72 жаста, Венгрия
Консерватив көзқарастағы кандидат. Виктор Орбанға жақтас, бірақ Папа Францискке тікелей қарсы шықпаған. Орыс тілін меңгерген.
5. Луис Антонио Тагле, 67 жаста, Филиппин
«Азиялық Франциск» деп аталады. Прогрессив, бірақ абортқа қарсы. Азиядағы католик санының өсуі оның мүмкіндігін арттырады.
6. Питер Тарксон, 76 жаста, Гана
Әлеуметтік әділеттілік үшін күрескен. Африкалық кардиналдардың ішіндегі ең танымалы. Бірақ өзі Папа болуды қаламайтынын айтқан.
7. Робер Сара, 79 жаста, Гвинея
Қатаң консерватор. Целибатты қолдайды. Папа Францискке қарсы пікірлерімен танымал.
8. Марио Грек, 68 жаста, Мальта
Синод хатшысы. Прогрессивті бағытқа ауысқан, ЛГБТК+ мен мигранттарды қолдайды.
9. Жан-Марк Авелин, 66 жаста, Франция
Марсель архиепископы. Папа Францисктің жақтасы. Франциядан шыққан алғашқы Папа болуы мүмкін, бірақ итальян тілін білмейтіні кедергі болуы ықтимал.
Фото: Reuters, Getty Images, ATTILA KOVACS/EPA-EFE/REX/Shutterstock, GUY PETERSON/AFP via Getty Images