Ең кедей облыс: Жетісудың арқасында Қызылорда алға шықты

Экономиканы зерттеу институты Қазақстанда бөлінетін үш облыстың инвестициялары қалай өзгеріске ұшырайтынын көрсетті. Айта кетейік, Алматы облысының бөлінуі әсерінен инвестиция тарту бойынша соңғы орында қалып келген Қызылорда облысы тізімде алға жылжитын болды.

Ақниет Аманжолқызы

  • 09.06.2022

Алматы облысына 2021 жылы шамамен 727,8 млрд теңге инвестиция тартылды (республикалық көлемнің 5,5%). Оның 520 млрд теңгесі (71,4%) жаңа Алматы облысына тиесілі болса, бұдан екі есе аз 207,8 млрд теңгесі (28,6%) Жетісу облысына тиеді.

Салыстыру үшін, бөлінгеннен кейін Жетісу облысының негізгі капиталында инвестициялар көлемі 2021 жылы ең төменгі көрсеткішке ие болған Қызылорда облысын (302,8 млрд теңге) қаржыландырудан аз болады. Ал жаңа Алматы облысы Ақмола облысы (499 млрд теңге), Шымкент қаласы (462 млрд теңге), БҚО-дан (424 млрд теңге) асып түседі.

Мұның басты себебі облыс бөлінгенде инвестициялар ең көп салынған аудандар Қонаев қаласына қарайтын Алматы облысы аумағында қалмақ. Мәселен, Қарасай ауданы 145,8 млрд теңге (облыстық көлемнің 28%), Іле ауданы 127 млрд теңге (24,4%), Талғар ауданы 82,4 млрд теңге (15,8%), Еңбекшіқазақ ауданы 55,7 млрд теңге инвестиция тартты (10,7%). Облыс орталығы Қонаев қаласы 2021 жылы 48,9 млрд теңге инвестиция тартты, бұл 2021 жылы жаңа Алматы облысына салынған барлық капитал салымдарының 9,4% - ын құрады. Аталған аудандардың барлығы Алматы қаласына жақын орналасқандықтан инвестиция тарту мүмкіндігіне ие болған.

Ал Талдықорғанға қарайтын Жетісу облысында инвестиция Қытаймен шекара аумақтағы және бір ғана курорттық ауданға көп тартылған.

Алакөл ауданы  жалпы алғанда 50,5 млрд теңге (облыстық көлемнің 24,3%), Панфилов ауданы 29,4 млрд теңге (14,1%) инвестиция тарта алған. Аудандар бөлінісінде Жетісу облысындағы инвестициялардың елеулі үлесі облыс орталығы -Талдықорған қаласына бағытталды. 2021 жылы олар 53,9 млрд теңгені құрады (облыстық көлемнің 26%).

Бөлінетін Шығыс Қазақстан облысындағы жағдай Алматы облысымен салыстырғанда әлдеқайда тұрақты. Себебі облысқа былтыр тартылған 817,5 млрд теңге инвестицияның (республикалық бюджеттің 6,2%) 359,3 млрд теңгесі (44%) Абай облысына, 458,2 млрд теңгесі (56%) Шығыс Қазақстан облысына тиесілі.

Салыстыру үшін, Абай облысына тартылған инвестиция Қызылорда облысынан (302,8 млрдтеңге), Солтүстік Қазақстан облысынан (331,9 млрд теңге) және жаңа Жетісу облысынан (207,8 млрд теңге) көп. Ал Шығыс Қазақстан облысының үлесі Жамбыл облысынан (409,9 млрд теңге), Қостанай облысынан (416,2 млрд теңге), БҚО-дан (424 млрд теңге) көп.

Аудан бойынша есептейтін болсақ, Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменге 175,2 млрд теңге, Риддерге 78 млрд теңге, Алтай ауданына 58,5 млрд теңге, Шемонаиха ауданына 34,5 млрд теңге тартылған.

Жаңа Абай облысында ең көп инвестиция тарта алған Аягөз ауданы 146,9 млрд теңге және облыс орталығы Семей қаласы 110,7 млрд теңге болмақ.

Айта кетейік, институт әлі Қарағанды облысының инвестициялары туралы ақпарат жариялаған жоқ. Жаңа Ұлытау облысы мен Қарағанды облысының бөлінісі туралы ақпараттан кейін ғана инвестициясы аз облысты анықтай аламыз. Әзірге бұл жаңа Жетісу облысы болып тұр.

Байланысты жаналықтар

Жетісу облысында оқушы қызды зорлады деген айыппен мұғалім сотталды

03.05.2024

Алматы облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер ұсталды

02.05.2024

Алматы облысында ұлтаралық араздық қоздырған әйел сотталды

26.04.2024

Абай облысында әкімдік жерге қатысты заңсыз қаулы шығарған

25.04.2024

Алматы облысында пара алған судья мен сот приставы сотталды

24.04.2024

Алматы облысында ауыл тұрғындары жайылымның сатылып кеткеніне наразылық білдірді

23.04.2024
MalimBlocks
Жетісу облысында оқушы қызды зорлады деген айыппен мұғалім сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алматы облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер ұсталды

Мемлекетке келтірілген залал 122 млн теңгеден асты.

Алматы облысында ұлтаралық араздық қоздырған әйел сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Абай облысында әкімдік жерге қатысты заңсыз қаулы шығарған

Жер заңдарының нормаларына сәйкес, жайылым алқаптары жеке меншiкке пайдалануға берiлмейдi.

Алматы облысында пара алған судья мен сот приставы сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Алматы облысында ауыл тұрғындары жайылымның сатылып кеткеніне наразылық білдірді

Ауыл әкімі жер телімі жекеменшікке өткенін растады.