Қант бағасы 1000 теңге болады – Қымбатшылық бізде ғана ма?

Импортқа бағынышты болғандықтан Қазақстан бағаны уысында ұстап тұра алмайды

Олжас Қасым

  • 20.06.2022

 Әлем елдерін қымбатшылық қысып барады. Оған бірден бір себеп – шиеленіскен геосаяси ахуал. Пандемиядан соң күш ала бастаған жаһандық экономиканың қарқынын Украина-Ресей арасындағы соғыс қайта бәсеңдетіп тастады.  Қымбатшылықты үдетіп тұрған ең алдымен азық-түлік бағасы. 


Күні кеше Ұлыбритания халқы инфляцияның шарықтауына наразылық білдіріп, шеруге шықты.  Шарасыздықтан көшеге шыққан бұқара Үкіметтің бейқамдығына ашулы. Себебі, оларды ашындырып отырғаны – экономикалық мәселелердің шешім таппауы.  Бас көтерген халық биліктен азық-түлік, жанар-жағармай, электр бағасын төмендетіп, әлеуметтік қолдау жасауды талап етті. The Guardian басылымының жазуынша, қымбатшылықтың белең алуына пандемиядан кейін тұтынушылар сұранысының артуы себеп болған. Алайда, ел билігі халық сұранысын өтеуге дайын болмай шықты.  Лондон қаласындағы Кәсіподақтар конгресінің бас хатшысы Фрэнсис Грэйдидің пікірінше, барлық мәселе энергиялық ресурстардың күрт қымбаттауынын туындап отыр. Үкімет қолдау шараларын мықтап қолға алмаса жағдай басқаша сипат алуы мүмкін.  

Ал Сингапурде соңғы он жылда болмаған ахуал қалыптасып, инфляция мөлшері 5 пайызға жеткен. Осының әсерінен жергілікті валюта құнсызданып, азық-түлік құны аспандап кетті. Сарапшылар бұл қиындыққа өнімдерді тасымалдау бағасының өсуі қосылды деп дабыл қағуда.  Жалпы Сингапурға азық-түлік импортпен келеді. Мәселен, жеміс-жидек пен көкөністер Қытай мен Малайзиядан әкелінеді. Ал күріш Тайландтан тасымалданады дейді экономист Тан Конг.  

Аргентиналықтар да қымбатшылықтың қыспағына шыдамай митингке шықты. Елдегі  тұрғындардың  20 пайыздан астамы кедейлікпен өмір сүріп жатыр. Өткен жылы инфляция мөлшері 50 пайыздан асып жығылған. Бұл  Латын Америкасы елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш саналады. Сарапшылардың пайымдауынша инфляция биыл 50 пайыздан асып жығылмаса кем болмайды. 

Euronews.com басылымы Испанияда да қымбатшылық жайлап, азық-түлік құны тым қамбаттағанын жазды. Мұндай жағдай мемлекетте 1994 жылы ғана тіркеліпті. Айталық, макарон өнімдері 28 пайызға, зәйтүн майы 35, жұмыртқа мен ұн 25 пайызға қымбаттаған. Бұдан бөлек, жанар- жағармай құны да шарықтап тұр. Испанияда ұнның таусылып,  нан бағасы 12 пайызға өсуіне Украинадағы текетірес  ерекше әсер еткен. Сонымен қатар,  сиыр мен құс еті, тым қат тауар түріне айналып бара жатыр. 

Қаржыгер Бауыржан Ысқақов  әлемдегі жағымсыз ахуалдан Қазақстанның сабақ алатын сыңайы байқалмайтынын сынға алады. «2019 жылдан бері елімізде әлеуметтік маңыздағы азық-түлік екі есе шарықтап кеткен. Үкімет қажетті шараларды қабылдамаса сұраныстағы өнімдер тағы 50 пайызға қымбаттай түспек. Соңғы кездері халықты титықтатқан қант бағасы былтырмен салыстырғанда екі есеге  өскен. 700 теңгеден сатылып жатқан шекер  күз келгенде 1000 теңгеге дейін артуы әбден мүмкін. Импортқа бағынышты болғандықтан Қазақстан бағаны уысында ұстап тұра алмайды», дейді экономист маман.  Басқа мемлекеттердегі секілді ішкі толқулардың дені осы қымбатшылықтан шығатыны анық. Сондықтан біздің Үкімет отставкаға кетпейін десе қимылдауы керек.

Байланысты жаналықтар

Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады

02.05.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне енген қазақстандықтар кімдер

03.04.2024

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

27.03.2024

Алматыда тұрғын үйдің шаршы метрінің орташа бағасы 720 мың теңгеден асты

31.01.2024

Министр Сәтқалиев көліктерді газға ауыстыруды шектегелі жатыр

13.11.2023
MalimBlocks
Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдады

Көкөністер Қазақстан нарығына «жасыл дәліз» арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімдірек бағамен жеткізілетін болады. 

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне енген қазақстандықтар кімдер

Америкалық Forbes журналы дәстүрлі түрде әлемдегі миллардерлердің тізімін жариялады. Бұл тізімге алты қазақстандық кірді, деп хабарлайды Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

2024 жылғы ақпан айының соңында Қазақстанда ақылы қызметтер жылына 12,8%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматыда тұрғын үйдің шаршы метрінің орташа бағасы 720 мың теңгеден асты

Алматы қаласының тұрғын үй нарығы елдегі бәсеке қызып тұрған нарық. Krisha.kz деректері бойынша оңтүстік астанадағы үйлер басқа өңірлермен салыстырғанда қымбаттырақ.

Министр Сәтқалиев көліктерді газға ауыстыруды шектегелі жатыр

Көп жерде газ талонмен сатылып жатыр. Салдарынан, көлік жүргізушілері жанар-жағармай бекеттерінде ұзын-сонар кезекте тұр.