Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

Алматы қаласында актер есімімен аталатын көше бар.

Malim Админ

  • 22.04.2024

Бүгін Қазақстанның халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің дүниеге келгеніне 94 жыл толды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол Атырау облысының Махамбет ауданында туған. Ташкент театр өнері институтын бітірген.

1952-1967 жылдары және 1988 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрының сахнасында өнер көрсеткен. 1967-1988 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында актер болған. Актер көптеген спектакльдер мен фильмдерде ойнаған. Ол театрда С.Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» Шоқан, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Қодар (осы шығармалар бойынша қойылған фильмдерде де ойнаған), М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөзінде» Кебек пен Сырым, Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ерінде» Доктор, М.Каорудың «Шығыстағы бір бейбағында» Синтаро, М.Булгаковтың «Жендеттерінде» Мольер, сондай-ақ, У.Шекспирдің «Оттелосы» мен «Макбетінде» Яго және Макбет (соңғысы Қарағанды облысы қазақ драма театрында), А.Пушкиннің «Шағын трагедияларында» Сальери, Барон және Дон Жуан рольдерін сомдап, үздік актерлік шеберлігін танытқан. 1948 жылдан киноға түсе бастаған. Кинодағы алғашқы рөлі «Аласталған Алитет» фильміндегі чукча жігіті - Туматуге. Жантөрин 80-ге жуық фильмге түссе, соның 30-дан астамында басты рөлде ойнаған. Олардың қатарында Ш.Уәлиханов («Оның уақыты келді»), Абылайханов («Атаманның ақыры»), Құрманғазы («Құрманғазы»), Сапар («Сапарқұдығы»), Шал («Көлеңкесін қуған шал»), Бейбарыс сұлтан («Сұлтан Бейбарыс»), т.б. бейнелері бар. Режиссер ретінде Цой Гук Инмен бірлесіп «Орман балладасы», Н.Жайнақовпен бірге «Медальдің үшінші жағы», «Қарамаржан» фильмдерін түсірген. Алматы қаласында Жантөрин атындағы көше бар.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Бүгін – композитор Ахмет Жұбановтың туған күні

29.04.2024

Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

26.04.2024

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

25.04.2024

Бүгін – Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

12.04.2024

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

08.04.2024

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

05.04.2024
MalimBlocks
Бүгін – композитор Ахмет Жұбановтың туған күні

Ол Ақтөбе облысының Темір ауданында туған.

Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келген.

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

1937 жылдан көркем фильмдерге түсіп, қазақтың ұлттық кино өнерін дамытуға мол үлес қосқан.

Бүгін – Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

Ол Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Ол кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-де жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері.

Бүгін әйгілі академик Өмірзақ Айтбаевтың туған күні

87 жыл бұрын (1936-2020) – Қазақстанның тіл ғылымы саласындағы әйгілі академик Өмірзақ АЙТБАЕВ дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz.