Қазақстандық оқушылар олимпиадаларда үздік атанды

Malim Админ

  • 29.07.2023

 Қазақстанның білім саласындағы даму көрсеткішін, бәсекеге деген әлеуетін – халықаралық дәрежедегі олимпиадалар да анықтайды. Бұл ретте еліміздің жалпы білім беретін оқу ошақтарының  қол жеткізген нәтижесі көңіл қуантарлықтай.  Оған мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп, қажетті деңгейде ынталандыру жұмыстары жүргізіліп келе жатқаны сеп. Еселі еңбек бар жерде табыс болатыны айдан анық.   Мәселен, екі жыл бұрын 31 шәкіртіміз 26 медаль олжаласа, 2022 жылы 31 оқушы 27 медальді қанжығасына байлаған. Осы жылы да сол шамада оқушылар бақ сынап, зор жетістікке жетіп үлгерді.  

Зияткерлік сайыстар тіл білімі, информатика, биология, физика, химия, жағрафия, математика сынды пәндерді қамтиды.  Осы айда еліміздің намысын қорғауға аттанған шәкірттер халықаралық олимпиадаларда топ жарып, маңдайы жарқырап мәреден келді. Сондай аламанның бірі Біріккен араб әмірліктерінде биологиядан жалауын желбіреткен болатын. 34-ші рет ұйымдастырылып отырған бәсекелі жарысқа дүние жүзінің 80-ге тарта елінен 300-ден астам жас талап иесі шеберлік байқасқан еді. Ұлттық құрама команданың сапында төрт үкілі үміткеріміз додаға қосылған болатын. Қазақстандық өрендерге 2 күміс және қос қола медаль бұйырды. Бақдәулет Ерназарұлы мен Дінмұхамед Омаров күміске қол жеткізсе, қоланы Амангелді Ислам, Ғалымжан Бақтыбаев иеленді. Білім сайысына әлемнің әр жерінен келген 15-21 жас шамасындағы білімпаз оқушылар қатысып, қарым-қабілетін ортаға салды.  

Еліміздің талантты шәкірттері көбіне химия, информатика, есеп пәндерінен алдына жан салмай келеді. Жақында 30 жылдық тарихы бар «Туймaaдa»  олимпиадасында біздің өрендер биіктен көрініп, 33 медальді уысына түсірді.  Әлемнің екі жүзден астам елінің оқушыларын бір арнаға тоғыстырған додаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 80 шәкірт қатысты. Алған марапаттың жалпы мөлшеріне келсек, оның 4-уі алтын, 14-і күміс болса, қола медаль 14-ті құрады. Осылайша отандық озаттар ел атын шығарып, мықтылықтарын әлемге әйгіледі.

Айдың басында олимпиадаларда бақ сынап, жоғары нәтижеге жеткен 100 озық мектептің рейтингі шыққан-ды. Тізімді жасақтау үшін өткізілген бәсекеге 314 білім беру мекемесі қосылған. Алғашқы үздік үштікті Алматы, Астана, Атырау қалалары түйіндеп тұр.         

Байланысты жаналықтар

Қор нарығында доллар қымбаттады

03.05.2024

Алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

03.05.2024

«Қазақстан ұнамаса көшіп кетіңдер»: Тик-Ток блогері ел ішін арандатушыларға шүйлікті

03.05.2024

Қазақстанда заманауи газ өңдеу өнеркәсібі құрылады

03.05.2024

Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

03.05.2024

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында екі қазақстандық финалға шықты

02.05.2024
MalimBlocks
Қор нарығында доллар қымбаттады

Ұлттық банктің ресми бағамы — 1 долларға 443,37теңге.

Алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

Мұның себебі – қысым өрістерінің жылдам өзгеруі.

«Қазақстан ұнамаса көшіп кетіңдер»: Тик-Ток блогері ел ішін арандатушыларға шүйлікті

Қазақстанда орыстарды жек көрушілер пайда бола бастады.

Қазақстанда заманауи газ өңдеу өнеркәсібі құрылады

Энергетика министрлігіне газ саласының табыстылығын әрі қарай арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Су тасқыны: Үкімет тұрғындардың коммуналдық төлемін кейінге шегерді

Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар, яғни, әкімдер жасайды.

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында екі қазақстандық финалға шықты

Бұл додада Қазақстан намысын 8 спортшы қорғап жатыр.