«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Сабина Асқарқызы

  • 14.04.2025

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова Аiqyn-ның «Аға буын & Z ұрпақ» жобасына қонаққа келіп, жас оқырмандардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Актриса 16 жасында осындай рөлді сомдауға қорыққанын да жасырмады.

«Қыз Жібек» киносына ең мықты әртістермен бірге түстім. Тек Құман ағаларың 3-курстың студенті еді. Бірақ ол кісі киноны қалай түсіретінін, рөлді қалай сомдайтынын білді. Талантының арқасында Төлегеннің рөліне бірден өтті. Ал небәрі 16 жастағы мен үшін Қыз Жібектің рөлін ойнау қорқынышты болды. Себебі Әнуар Молдабеков, Фарида Шәріпова, Ыдырыс Ноғайбаев, Гүлфайрус Ысмайлова, Асанәлі Әшімов сияқты біртуар азаматтармен бір алаңда жұмыс істедік. Жалпы, әртістердің көбісі М.Әуезов театрынан еді.

Киноның режиссері Сұлтан Қожықов өз ісінің нағыз маманы ғана емес, керемет адам еді. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер болатын. Соғыс аяқталғаннан кейін Мәскеудегі инс­ти­тутқа киномотографияға оқуға түсіп, бітір­геннен кейін Алматыға келіп киносту­дияда жұмыс істеді. Киноның операторы – Асхат Ашрапов. Оператор болу, кадр түсіру өте қиын. Ол кезде кино камера да, қоятын жарықтар да көлемі үлкен, салмағы ауыр еді. Оған қарамастан, шығармашылық топ аянбай жұмыс істеп, жақсы фильм түсірді, деді ол.

Өнер иесі әріптестерінің қатары сиреп қалғанын айтып, денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Биыл белгілі күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы тойланып жатыр. Атақты ком­позитор «Қыз Жібек» киносына да ат­сал­ысты. Ал костюмдерді атақты суретші, Жібектің анасының рөлін ойнаған Гүлфайрус Ысмайлова тікті. Ал киноның сценарийін классик Ғабит Мүсірепов жазғанын бәріңіз білетін шығарсыздар. «Қыз Жібек» фильмі неге жақсы шықты? Се­бебі қазақ өнерінің ең мықты май­талмандарының бәрі осы киноға қатысты. Олар тек «Қыз Жібекте» емес, қазақ өнер­інде де із қалдырған...

Жалпы, «Қыз Жібек» киносынан тек Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық. Төлегеніміз де жүрек ауруынан кетті. Жүрек ауруына адам шыдамайды. Сондықтан жүректеріңді сақтаңдар, - деп қосты ол. 

Фото: novoetv.kz

Байланысты жаналықтар

Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

15.04.2025

Баян Алагөзова өсіп қалған қыздарын көрсетті

11.04.2025

Кинотеатрлардағы фильмдер мазмұнына бақылау күшейеді

10.04.2025

«Менен әлдеқайда жас»: Айгүл Иманбаева күйеуі туралы сауалға жауап берді

10.04.2025

Қарақат Әбілдина Меруерт Өтекешованың батасын алғанын айтты

03.04.2025

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

01.04.2025
MalimBlocks
Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен ерекше құттықтады

Актриса 37 жасқа толды.

Баян Алагөзова өсіп қалған қыздарын көрсетті

Продюсер отбасымен бірге демалысқа аттанған.

Кинотеатрлардағы фильмдер мазмұнына бақылау күшейеді

«Менен әлдеқайда жас»: Айгүл Иманбаева күйеуі туралы сауалға жауап берді

Ол мұны жасырмайтынын айтты.

Қарақат Әбілдина Меруерт Өтекешованың батасын алғанын айтты

Әнші аңыз актрисамен қалай танысқанын есіне алды.

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

Ол тұра алмай қаламын деп қорыққан.