Түркі елдерінің қолөнершілері «Наурыз базарында» табысты

Malim Админ

  • 24.03.2024

Кейінгі  жылдары түркі елдерінің арасындағы мәдени байланыстың аясы кеңейіп келеді. Қазақстанның өнер майталмандары Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан сынды елдерге барып, шығармашылық концерттерін өткізіп, өнер жәрмеңкелеріне қатысуда. Ең алғаш болып еліміздің елордасы түркі әлеміне ортақ мәдени астана мәртебесін иеленгені есте. Сонымен қатар, төрт қақпалы Түркістан қаласы да мәдени астаналар қатарынан табылғаны белгілі.   

Түркі жұрты үшін маңызы бөлек Наурыз мейрамы  бауырлас халықтардың ынтымақтастығына, бірлігіне көпір бола бастады.  Игі дәстүр жыл өткен сайын жаңа сипат алып келеді.  Соның жарқын мысалы - Астанада ерекше атап өтілген  «Наурыз базары» шығыс жәрмеңкесі.   ЭКСПО халықаралық көрме орталығында     21 наурызда басталған шараның   алғашқы күнінде-ақ рекордтық көрсеткіш тіркеліп, оған  30 мың адам жиналды.  

Жәрмеңкеге Түркия, Иран, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Татарстан және Башқұртстан сияқты елдерден 50-ден астам қолөнерші қатысты.

Елордаға әлемнің әр түкпірінен жиылған үздіктер арасынан  Түркияның Измир қаласынан арнайы келген Ахмет Ташхомджу мырзаны да кезіктірдік.  Биіктігі 6 метрге жететін құмыра жасап гиннес рекордтар кітабынан ойып орын алған, 2019 жылы әлемдік фестивальде 1-орынды иеленген маман бізге шығармашылық жұмыстарын таныстырды. 

«45 жылдан бері осы қыш құмыраларды жасаумен айналысып келемін. Қазақстан үшін әр түрлі техникамен жасалған еңбектерімді әкелдім. Осы ретте құмыраларды әзірлеу тәсілімді де бөліссем деймін.  Сазды 1000 градуста күйдіремін. Оттан шыққан соң глазур деген әдіспен шыңдаймыз. Құмыра дайын болып қалғанда әр алуан түске бояймын. Туындыларымның жәрмеңкедегі құны 25 мыңнан басталады.  Келушілер құмыраларға қызығушылық танытып, көптеп сатып алып жатыр»,-дейді түркиялық шебер. 

Ахмет ұстаның қасынан қазақстандық шәкірті Ақмарал Дәулетәлиқызын да ұшыраттық. Шебер бірнеше жылдан бері түркиялық қолөнершімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді екен. 

«Университетті бітіргелі бері 20 жылдай уақыт осы өнермен айналысамын. Мен бұл кісімен интернет арқылы ойламаған жерден танысып қалдым.  Өзімді ұста ретінде көрсеткім келеді деген тілегімді, жоспарымды айттым. 10 күн бойы Түркияда  Ахмет мырзаның сабағына қатысып, тағылымдамадан өтіп қайттым. Нәтиже жаман емес. Қазір бірге жұмыс істеп келеміз. Маған авторлық еңбектерінің әзірлеу тәсілдерін мұқият үйретті. Сол бай тәжірибе кәдеге асып жатыр»,-деп түсіндірді түркістандық құмырашы.  

Ақмарал қазіргі таңда Шымкентте қолөнерге әуес балаларды оқытып жүргенін баяндады. «№2 Оқушылар сарайында қызмет етемін. Инклюзивті бағытта тәрбиеленетін балаларға асыл өнерді меңгертумен шұғылданамын, денсаулығы қалыпты ұл-қыздарды да қыштан бұйым жасауға баулып келемін», дейді білікті маман.   

Ал Татарстанның Қазан қаласынан келген Снежана Хайрулина елордалықтар назарына «Ишморат керамика» шеберханасын ұсынды. Шебер  ұлттық керамиканы жаңғыртумен  айналысады, сонымен қатар жасаған бұйымдарында бағзы ою-өрнектерді қолданады. Астанаға қолдан жасалған керамика жұмыстарын ала келіпті.    

23 наурызда аяқталған «Наурыз базары» жәрмеңкесіне қатысушылар көпшілікке этностиль, зергерлік бұйымдар, керамика, металл, киіз және жібектен жасалған бұйымдар, кәдесыйлар топтамасын ұсынды.

Фото: gov.kz
 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Қазақстан халқын Айт мейрамымен құттықтады

10.04.2024

Жаңа тұрғын үй бағдарламасының талаптары мен ережелері қандай

05.04.2024

Аймақтарда наурыз қалай тойланып жатыр?

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

21.03.2024

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

21.03.2024

Наурыз мейрамына қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылады?

21.03.2024
MalimBlocks
Тоқаев Қазақстан халқын Айт мейрамымен құттықтады

Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасының талаптары мен ережелері қандай

Депозитте кем дегенде 1 млн теңге болуы тиіс.

Аймақтарда наурыз қалай тойланып жатыр?

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

Наурыз мейрамына қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылады?