Жаңа Қазақстанның кәрі стипендиаттары марапатталды

Елге берерін де беріп, аларын да алып болған қарттар енді нысап қылса не етер еді деп ойлайсың

Malim Админ

  • 11.02.2022

Мемлекеттік стипендияның «жасармайтын» тізімі шыққанын өткен жолы жазғанбыз. Бүгін министр Дәурен Абаев стипендия лауреаттарына сый-сияпат жасады. Биыл сыйақы әдебиет пен өнердің 74 өкіліне берілді. «Мәдениетті дамытуға қосқан елеулі еңбек үшін беріледі» дейтін марапатты иеленгендердің басым көпшілігі асарын асап, жасарын жасаған ақын, жазушы, әнші-композиторлар.  

Олардың қатарында Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Досанов,  Дулат Исабеков,  Асанәлі Әшімов, Олжас Сүлейменов,  Софы Сматаев, Ақұштап Бақтыгереева,  Бибігүл Төлегенова, Юрий Померанцев, Досхан Жолжақсынов және тағы басқалары бар.  Стипендияға қол жеткізгендер ішінде жастар жағы ат төбеліндей аз.   Бір таңғаларлығы -  материалдық қолдау ретінде табысталатын сыйақыны бірнеше жыл қатарынан зейнет жасынан әлдеқашан асып кеткен ақсақалдар бермей келеді. 

Жас қаламгерлер  «мемлекет қамқорлығынан шет қалмайтын қарияларға  кейінгі толқынға да жол берсе болады ғой» деп өкпе-назын білдіруде.  Ақын Ұларбек Дәлей оларды  «жаңа Қазақстанның кәрі стипендиаттары» атап, жастардың қазіргі ахуалына тоқталды.   «Бұлардың жағдайы «5» қой. Ал, ұлтқа еңбек етер қаншама жас таланттар шиеттей балаларын жетелеп, ескі шабаданын сүйретіп, сиырқорадан атқораға көшіп, қаңғып жүр. Әр нәрсе өз уақытымен емес пе? Елге берерін де беріп, аларын да алып болған қарттар енді нысап қылса не етер еді деп ойлайсың, кейде»,-деп күйініш білдірді ол.  

Айбын Атабай 
 

Байланысты жаналықтар

Наурызнама. Киіз үйдің мән-мазмұнын ұғындырған шара

16.03.2024

Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы ашылады

27.02.2024

«Ұлттық аспап – ұлт мәдениетінің мәйегі»

14.02.2024

Мұқағали жырлары неге өміршең?!

09.02.2024

Актер Асқар Наймантаев өмірден өтті

02.12.2023

Осы жұрт Нұтфолланы біле ме екен?!

11.11.2023
MalimBlocks
Наурызнама. Киіз үйдің мән-мазмұнын ұғындырған шара

Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы ашылады

Орталық қызметінің негізгі бағыты музей және кітапхана ісі, музыка және кино өнері, тіл үйрету т.б. болады деп жоспарлануда

«Ұлттық аспап – ұлт мәдениетінің мәйегі»

Мұражайда еліміздің әр өңіріне тән домбыралардың барлық түрінің түпнұсқасы сақталған

Мұқағали жырлары неге өміршең?!

Бейне бір бағзы мен бүгіннің арасында жүргендей, шаңқай түсте ымыртқа кіргендей, қырғын-дулы ортадан қорымға тап болғандай бейдауа күйге түсесің

Актер Асқар Наймантаев өмірден өтті

Ол ауыр дерттен көз жұмды

Осы жұрт Нұтфолланы біле ме екен?!

Нұтфолланың әкесі де 1936-1938 жылғы «халық жауларын» әшкерелеу қызыл науқанына ілінеді