Ақтөбеде кепілде болған әйелдің жағдайы қалай? Дәрігерлер не дейді?
Ақтөбеде түнде кепілде болып, босатылған 40 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауыр. Дәрігерлер пышақ жарақаты болмағанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Кепілде болған үш адамның екеуі түнде ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі 1950 жылғы ер адам. Ол ес-түссіз күйінде әкелінген. Дәрігерлер науқасқа 40 минут бойы реанимация жасады. Алайда адамды аман алып қалу мүмкін болмаған. Ал 40 жастағы әйелдің жағдайы қазір орташа ауыр.
- Кеше ауруханаға екі науқасты алып келді. Бірі ес-түссіз жеткізілді. 1984 жылғы әйел адамның басынан, денесінен жарақат алған. Таңға дейін ем алды. Қазір жағдайы орташа тұрақты. Қан қысымы тұрақты. Бүгін палатаға аударамыз, - деді Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Азамат Тұрышев.
Еске сала кетейік, Ақтөбеде түнде кепілде болған үш адамның екеуі көз жұмды. Біреуі ауруханада ем алып жатыр.
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform