Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Арман Қайыпхан

  • 14.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы антирекордтарды одан әрі жаңартуда. 2025 жылдың 9 сәуірінде Brent маркалы мұнай бағасы 2021 жылдың наурызынан бері алғаш рет барреліне 61 доллардан төмендеді, деп хабарлайды Malim.kz сайты Energyprom-ға сілтеме жасап.

Қазақстан мұнай саласына қатты тәуелді болып қала береді.

Мысалы, ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, елдегі расталған мұнай қорының көлемі 4,3 млрд тоннаны құрайды. Бұл 40–45 жылға жетуі мүмкін. Алайда мұндай көрсеткіштер тұрақтылықты қамтамасыз етпейді: мұнай қорының 70%–72%-ы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ ірі кен орындарына тиесілі, бірақ 10–15 жылдан кейін бұл кен орындарындағы өндіру көлемі айтарлықтай төмендеуі мүмкін.

Айта кетейік, 2024 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында Қазақстанда шикі мұнай өндіру көлемі 87,6 млн тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға аз.

Қазақстанның мұнайға қатты тәуелді екенін экспорт құрылымы да көрсетеді. 2024 жылы Қазақстан 71 млн тонна мұнайды 42,9 млрд АҚШ долларына экспорттады, бұл минералды шикізат экспортының жалпы көлемінің 82,7%-ын және жалпы экспорттың жартысынан астамын құрады.

Әлем көміртегі бейтараптығына, қазба отын түрлерін пайдалануды қысқартуға және "жасыл" энергетикаға көшуге сенімді түрде бет алуда. Қазақстан да 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу ниетін мәлімдеді. Бұл экономиканың құрылымы өзгеруі керек дегенді білдіреді.

Қазақстанда географиялық орналасудың тиімділігі есебінен логистикалық әлеуетті арттыруға, Ұлттық даму жоспары арқылы инновациялар мен ғылымды қолдауға, индустрияландыруға және білімге инвестиция салуға, экспортты әртараптандыруға және өндірісті жергіліктендіруге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Географиялық орналасу Қазақстанға Еуропа мен Азия арасындағы көлік көпіріне айналуға мүмкіндік береді. Стратегиялық бағыттар – "Қорғас" ХШЫО, Каспий порттары, теміржолдарды кеңейту. Өсу нүктелерінің бірі – жаңа "ақылды" мегаполис Алатауды салу, оған АЭА және қаржылық-экономикалық, әлеуметтік, индустриялық және ғылыми-білім беру шешімдерінің толық спектрін қамтитын инновациялық жобалар кіреді.

Фото: pixabay.com/

Байланысты жаналықтар

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

11.04.2025

Трамп Қытай тауарларына салынатын  баж салығын 125%-ға көтерді

09.04.2025

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді

09.04.2025

Қазақстанда салық саны қысқарады

09.04.2025

Трамп Қытайға ескерту жасап, ойлануға бір күн уақыт берді

07.04.2025
MalimBlocks
Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 63 долларға дейін түсті

Трамп Қытай тауарларына салынатын  баж салығын 125%-ға көтерді

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді

Қазақстанда салық саны қысқарады

Қазақстанда салық саны қысқарады. Бұл туралы еліміздің вице-премьері, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді

Трамп Қытайға ескерту жасап, ойлануға бір күн уақыт берді