Қосылған құн салығы көтерілсе, тұрғын үй бағасы қалай болмақ?
Министр үй бағасын қымбаттату керек емес деп айтты

Алматыда Ұлттық экономика министрі қосылған құн салығының көтерілуі тұрғын үй бағасына әсер етпеуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Қосылған құн салығының көтерілуіне қарсы болғандар көп. Олар бұл өзгерістен кейін тұрғын үй бағасы көтеріледі деп болжайды. Өткен жылы біз алғаш рет 18 млн 900 мың шаршы метр үй салдық. Мұндай Қазақстанда болмаған. Барлық құрылыс компаниялары қатысты, бірақ әрине, алдымен елдегі тұрғын үй бағдарламасының аясында орындалды. Осы жылы 19 млн шаршы метр үй салу жоспарланып отыр. Үй бағасын қымбаттату бізге керек емес. Және олай болмайды деп болжап отырмыз, – дейді министр.
Фото: shutterstock.com