Ұлттық Қор қаржысын есепсіз пайдалану дефолтқа алып келуі мүмкін

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 05.08.2021

Ұлттық Қорға келіп түскен қаржыдан алынған қаржы екі есе көп.

Қаржы министрлігі жариялаған мәлімет бойынша, Ұлттық Қорға тамыздың 1-і күнгі есепке сәйкес 1,1 трлн теңге келіп түскен. Ал одан алынған қаржы 2,6 трлн теңгені құрған.

«Ұлттық қордағы қаржыны пайдалану келіп түскен қаржыдан 2,4 есе артық. Қазақстанның Ұлттық Қорына 1 тамызға дейін 1,1 трлн теңге келіп түскен. Ал шығарылған қаржы көлемі 2,6 трлн теңге», - делінген министрлік жариялаған есепте.

Экономист Мақсат Халықтың сөзінше, үкімет болашақ ұрпаққа арналған Ұлттық Қор қаржысын пайдалануды дәстүрге айналдырған. Бұл 2007-2009 жылдарда болған экономикалық дағдарыстан бері жалғасып келеді.

«Қазақстанда бюджет тапшылығы өте жоғары. Пандемияның салдарынан ол тіптен артып кетті деп айтуға негіз бар. Өткен жылы пандемия салдарымен күресу үшін Ұлттық Қордан 4,7 трлн теңге аударылған. Бұл өте үлкен қаражат. Жалпы, 2008 жылдан бері Ұлттық Қордан қаржы алу дәстүрге айналып кетті. 2007-2009 жылдары қаржылық дағдарыс болған уақытта біз қордан қаржы алып бастағанбыз», - дейді Халық.

Мақсат Халық егер жағдай өзгеріссіз осылай жалғаса беретін болса, онда оның арты жақсылыққа алып келмейді деп есептейді. Оның сөзінше, дәл осындай қарқынмен Қазақстан Ұлттық Қор қаржысын 4-5 жылда тауысады.

«Бұның арты жақсылыққа апармайды. Ол Ұлттық Қордың сарқылуына алып келеді. Егер резервсіз қалатын болсақ, онда мемлекеттің болашағына халықаралық қауымдастық пен қаржы ұйымдары сенбейтін болады. Ертең мемлекет инвестиция тарту, қарыз алу жағынан қиындықтарға тап болады. Тіпті бұл дефолтқа алып келуі мүмкін. Егер біз осы қарқынмен кете беретін болсақ, онда Ұлттық Қор қаржысы 4-5 жылда бітеді», - дейді экономист.

Қаржы министрлігінің есебі бойынша, қазір Ұлттық Қорда 26,7 трлн теңге қаржы бар. Былтыр қордан пандемия салдарымен күреске 4,7 трлн теңге бөлінген. Биыл 3 трлн теңге алынады деп жоспарлануда.

 

 

Байланысты жаналықтар

Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

26.04.2024

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

24.04.2024

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

24.04.2024

Еліміздегі су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

24.04.2024

Қазақстанда қанша мигрант жұмыс істеп жүр

24.04.2024

ТЖМ су тасқынына қатысты соңғы деректерді жария етті

23.04.2024
MalimBlocks
Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Бұл айда елімізде үш мереке тойланады.

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: Синоптиктер ескерту жасады

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

«Қазақстан министрлігінің өкілі мақтаған»: TikTok мәлімдеме жасады

Ол платформа пайдаланушыларының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ететіндерін айтты.

Еліміздегі су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

Онда мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық дерек, жедел есептер, соңғы жаңалықтар, лауазымды тұлғалардың мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің хабарламалары мүмкіндігінше тез жаңартылып, толықтырылатын болады.

Қазақстанда қанша мигрант жұмыс істеп жүр

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай — 4 011 адам (29,6%), Өзбекстан — 1 577 адам (11,6%), Үндістан — 1 187 адам (8,7%), Түркия — 1 058 адам (7,8%).

ТЖМ су тасқынына қатысты соңғы деректерді жария етті

Жұмылдырылған күштер мен құралдар қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су сору жұмыстарын жалғастыруда.