«Криптовалюталық әмияны 100 млн теңгеден асады». Алматы облысында дропперлер тобы әшкереленді
Әбірі бірнеше банк шотын пайдаланып отырған
Алматы облысының полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен облыстық прокуратураның үйлестіруімен алаяқтық жолмен алынған ақшаны криптовалютаға айналдырумен айналысқан ұйымдасқан дропперлер тобының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.
Тергеу барысында осы қылмыстық схемаға қатысы бар 20-дан астам тұлға анықталған. Олардың қатарында дроптар, дроп-жетекшілер, кураторлар мен менеджерлер болған.
Әр қатысушы бірнеше банктік шотты (5-7-ге дейін) пайдаланып, әрбір транзакциядан 1-3% мөлшерінде сыйақы алып отырған. Жаңа дроптарды тарту Telegram-арналары арқылы жүргізілген. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде жалпы құны 8 миллион теңгеден астам қаржы қозғалысы тоқтатылып, ай сайынғы айналымы 100 миллион теңгеден асатын криптовалюталық әмиян анықталды, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Полиция мәліметіне қарағанда, бұл әмиянның қылмыстық схеманы ұйымдастырушыға тиесілі екендігі белгілі болған. Қазір банктерден қаржылық операциялар туралы ақпарат алу үшін қажетті құжаттар рәсімделіп, анықталған активтерді тәркілеу мәселесі қарастырылып жатыр.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 7 адам ұсталған, олардың арасында үш куратор, бір менеджер және үш дроппер бар. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото: polisia.kz