Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Арман Қайыпхан

  • 15.04.2025

Қазақстан 18 сәуірден бастап шетелдіктерге ЖСН беруді қалпына келтіреді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігі мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

Шетелдіктер үшін ЖСН тіркеу және оны беру туралы өтініштерді қабылдау 18 сәуірде басталады.

Енді мұны Қазақстанның шетелдік мекемелері арқылы 10 санаттағы азаматтар жасай алады.

Тізімде:

  1. әлеуетті инвесторлар;
  2. тауарларды таңбалау және қадағалап отыру аясында тауар айналымына қатысушылар;
  3. Қазақстан азаматының жұбайы болып саналатын шетелдіктер (АХАТ органдарында азаматтық хал актілерін тіркеу туралы белгі қою үшін);
  4. Ата-анасының бірі Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын шет мемлекеттің балалары (16 жасқа толмаған);
  5. мұраны қабылдайтын шетелдіктер;
  6. Digital Nomad Residence және Digital Nomad Visa бағдарламаларының әлеуетті қатысушылары;
  7. мүмкіндігі шектеулі шетелдіктер;
  8. 65 жастан асқан шетелдіктер;
  9. өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) өндірушілер мен тіркеушілер;
  10. Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалардың, филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің басшылары болып саналатын шетелдіктер.

ЖСН алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар консулдыққа өтінішпен, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен және түпнұсқасымен жеке хабарласуы қажет.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан бұл пилоттық жобаны тоқтатқан болатын.

Фото: gov4c.kz

Байланысты жаналықтар

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

14.04.2025

«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

13.04.2025

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

13.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025

Ресей мен АҚШ тұтқындармен алмасты

10.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

Журналист Нұргелді Әбдуғани Украинадағы Сумскі қаласына жасалған соққы туралы айтты

«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

Ресей мен АҚШ тұтқындармен алмасты