Астанада қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан дүкенге бойкот жарияланды

Сұлу Бөлек

  • 30.04.2025

Танымал журналист Кәмшат Тасболат әлеужелідегі парақшасында жағымсыз оқиғаға тап болғанын айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ertenmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға Астана қаласында, Орынбор көшесінің бойында орналасқан Envy бутигінде болған.

Велосипед іздеп барған журналист пен оның 6 жасар қызы сатушыдан велосипед бағасын қазақ тілінде айтуды сұраған. Себебі бала орысша сан есімдерді түсінбейді екен.

Алайда сатушы қазақша сұраған баланы дөрекі түрде қорқытқан. 

"Қазір таяқ жейсің! Президент не дегенін естімедің бе? Сендейлерді жазаға тартады (Ты сейчас получишь! Не слышала, что президент (Токаев) сказал, таких будут наказывать!)" – деп зекіген.

Журналистің айтуынша, сатушы бұнымен тоқтамай, кішкентай қызды "ұлтшыл" (маленький нацпат) деп кемсіткен.

Мұны көрген анасы сатушыны орнына қоймақ болғанымен, ол ештеңе болмағандай, дүкенге келген басқа тұтынушыларға бұрылып кеткен.

"Қызым осы кезде ойыншықтардың арасына тығылып, қорқып қалды. Балалардың психикасына әсер ететін осындай адамдардың кесірінен кейін абьюзерлер қайдан шығады деп таңғаламыз. Бұрын балаларды "бүжәймен" қорқытушы еді, ал енді президентпен қорқытатын болған ба?" – дейді журналист.

Кәмшат Тасболаттың Facebook-парақшасынан скрин 

Журналист осы оқиғадан соң дүкендегі көрнекі ақпарат пен жарнаманың тек қана орыс және ағылшын тілдерінде жазылғанына назар аударған.

Заңда не делінген?

Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" заңының 21-бабы мен "Жарнама туралы" заңның 6-бабына сәйкес, барлық көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде жазылуға тиіс. Оған қоса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-бабына сәйкес, бұл заңбұзушылық үшін кәсіпкерге айыппұл салынуы мүмкін.

"Бұл дүкеннің сыртқы маңдайшасында қазақ тілінде бір ауыз сөз жоқ. Осыны ескере отырып, дүкен басшылығы заңды бұзғаны үшін 50 АЕК (184 600 теңге) айыппұл төлеуі тиіс. Бұл – біздің заңды талабымыз", – дейді журналист.

Кәмшат Тасболат қазір Envy бутигіне бойкот жариялап, қазақша қызмет көрсететін басқа велосипед дүкенін тапқанын хабарлады. Сондай-ақ, ол елордадағы Тілдерді дамыту басқармасы мен жауапты мекемелерді осы мәселені тез арада шешуге шақырды.

Кейін журналист Кәмшат Тасболат қысым көрсетілгенін жазды. 
Ол Facebook-парақшасындағы постын өшіріп тастаған. "Өшіртті" деп пікір қалдырған, алайда нақты кім өшірткенін нақтыламаған.

Фото: Pixabay.com 

Байланысты жаналықтар

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

28.04.2025

Қор нарығында теңге нығая түсті

25.04.2025

Астанадағы министрліктің үйінің маңында ер адамды көлік қағып кетті

25.04.2025

Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып кеткен

24.04.2025

"Семей-Астана-Семей" бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

23.04.2025

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

22.04.2025
MalimBlocks
Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

Қор нарығында теңге нығая түсті

Астанадағы министрліктің үйінің маңында ер адамды көлік қағып кетті

Астанада жүк көлігі 6 жасар баланы қағып кеткен

Салдарынан бүлдіршін қаза тапты

"Семей-Астана-Семей" бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

Қызылорда - Астана бағытындағы пойызда әйел босанып, шақалақты терезеден лақтырып жіберген