Атырау облысында жер сілкінісі тіркелді
Cейсмологтар Атырау облысы аумағында жер сілкінісін тіркеді

Cейсмологтар Атырау облысы аумағында жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Қазақстандық ұлттық дерек орталығының жедел дерегінше, жер асты дүмпуі 10 сәуірде 01:40-та тіркелген. Эпицентрі Құлсарыдан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3, ал энергетикалық класы - 9,1.
"Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.
Фото: Pixabay.com