Баянауылдағы жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

Павлодар облысының Баянауыл ауданында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты. Ал 4 жастағы бүлдірші жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
19 сәуірде Баянауыл ауданы Бірлік ауылының маңында «Қалқаман-Керней» автожолының 250–ші шақырымында Pontiac және Lada Granta автомобильдері соқтығысқан.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апаттың себебі автомобильдердің бірі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Апат салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы да, оның ішінде жас бала да сол жерде қаза болды. Әртүрлі жарақаты бар тағы бір кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Павлодар облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады, — делінген хабарламада.
Фото: Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті
MalimBlocks
