Берденовке қызғаныштан шабуыл жасалғаны рас па? Әкімдік пікірі

Шымкент әкімдігі облыс әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды деген нұсқаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
"Қазір БАҚ пен әлеуметтік желілерде қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуылға қаскөйдің әйелін қудалау себеп болды деген жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ведомство күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын еске салды.
"Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Оқиғадан кейін желіде оның болжамды нұсқаларының бірі жазылған хабарлама тарай бастады. Онда шабуыл жеке себептермен, әсіресе қызғанышпен байланысты болуы мүмкін екені айтылған.
Еске салайық, 21 сәуірде кешке қалалық әкімшілік ғимаратының маңында Руслан Берденовке оқ атылды. Шенеунік оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр. Күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.
Желіде әкімнің орынбасары Берденовке шабуыл жасалған жерден түсірілген видео да пайда болды.
Фото: t.me/mazhilis_kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
