Қарағанды облысының тас жолында 19 көлік соқтығысты

Апаттың себебі - жылдамдықты сақтамау

Malim Админ

  • 23.01.2025

Көліктер Қарағанды-Балқаш жолында соқтығысқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық операторы мәлімдеді. Күндіз 1630-шы шақырымда 19 көліктің қатысуымен ірі апат болды.

Жол операторының баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі - жылдамдық пен қауіпсіз қашықтықты сақтамау деп жазады. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігі мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.  

ТЖМ мәліметінше, оқиға бүгін сағат 13.00 шамасында Қарағанды облысы «Екатеринбург – Алматы» автожолында Ақсу-Аюлы ауылынан 20 шақырым жерде ірі жол-көлік апаты болған. Көліктер автожолды қайта жаңарту учаскесінде соғысқан.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, психологтар, ҚР ТЖМ АМО және жедел жәрдем дәрігерлері дереу келді.

Оқиға орнында ТЖМ вахтасы орналасқан, онда ЖКО қатысушыларын жылыту жүзеге асырылады. Жедел жәрдем бригадасы Ақсу-Аюлы ауылындағы аудандық ауруханаға 9 адам жеткізіліп жатыр, деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Қазір кептеліс жоқ, қозғалыс арнайы қарсы жолақ бойымен жүзеге асырылады.

Фото: видеодан скрин 

Байланысты жаналықтар

Астанада жолаушылар автобусы бағанаға соғылды

21.02.2025

Жоқ үйлерді жалға беріп келген Астана тұрғыны ұсталды

21.02.2025

Павлодарда мектеп күзетшісі мас күйінде оқушыны ұрған

20.02.2025

ШҚО-ның бір ауданында жұмыс уақыты 1 сағатқа шегерілді

20.02.2025

Ақмолада мектеп автобусы 10 жастағы қызды басып кетті

19.02.2025

Батыс Қазақстанда дрон құлады

19.02.2025
MalimBlocks
Астанада жолаушылар автобусы бағанаға соғылды

Жоқ үйлерді жалға беріп келген Астана тұрғыны ұсталды

Ол Астана, Алматы қалаларында және «Бурабай» демалыс базасында үйлерді жалға беруге уәде еткен

Павлодарда мектеп күзетшісі мас күйінде оқушыны ұрған

ШҚО-ның бір ауданында жұмыс уақыты 1 сағатқа шегерілді

Ақмолада мектеп автобусы 10 жастағы қызды басып кетті

Батыс Қазақстанда дрон құлады