Қажылыққа байланысты алаяқтық: Қылмысқа имамның қатысы бар ма?

Наиб имам «Jazеra travel» компаниясының қызметі жайлы айтып берген

Malim Админ

  • 23.01.2025

Алматыда қажылыққа байланысты 180 адамды алдаған күдіктіге байланысты тергеу жүріп жатыр, - Malim.kz. 

Бірнеше күн бұрын Алматы қаласының полициясы алаяқтыққа байланысты Алматы облысының тұрғынын ұстады. Департамент мәліметінше, күдікті өзін «Jazera travel» туристік фирмасының басшысы ретінде таныстырған. Соныман қатар, қажылыққа жөнелту бойынша келісімшарттар жасаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктіге кемінде төрт адам көмектескен. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатыр, - хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бұл жағдайға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми мәлімдеме жасады. ҚМДБ мәліметінше, «Jazera travel» компаниясының басшысы Мейіржан Ырыскелді ешқандай діни қызмет атқармаған және мешітте наиб имам болып жұмыс істемейді.

Алматы облысының Іле ауданындағы «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің наиб имамы Марсель Тамашбековке «Jazеra travel» компаниясының басшысы Мейіржан Бауырұлы ұмра сапарына ниет еткен жандарға дәріс өтіп беру жөнінде өтініш жасаған. Наиб имам діни құлшылықты түсіндіру мақсатында өтініштерін қабыл алып, екі рет сабақ өткізген. Дәріс соңы сұрақ-жауап негізінде жалғасып, наиб имам «Jazеra travel» компаниясының қызметі жайлы білген ақпараттарымен де бөліскен. «Jazеra travel» компаниясына қатысты даулы мәселе құқық қорғау органдары тарапынан тексеріліп жатыр. Наиб имамның аталмыш мәселеге қатысы бар-жоғы анықталу үстінде, - делінген ҚМБД мәлімдемесінде. 

Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұмраға апарушы турфирмалардың қызметін қадағалауға Діни басқарманың заңды құзіреті жоқ екенін хабарлады. Басқарма жауабына сәйкес, ұмраға баратын азаматтарға қызмет көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аталмыш турфирмалар жауапкершілігінде.

ҚР сыртқы туризмді реттейтін тиісті заңнамасына сай ұмра сапарын топпен ұйымдастыру үшін міндетті түрде мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс және әр ұмра жасаушыға туроператор тарапынан туркод берілуі қажет. Мұндай талаптар орындалмаған жағдайда ұмраны топпен ұйымдастыру ҚР заңдарына қайшы. Осы ретте ұмраға апарушы турфирмалардың қызметін қадағалауға Діни басқарманың заңды құзіреті жоқ екенін жеткіземіз. Сонымен қатар отандастарымызды ресми туроператорлық лицензиясы жоқ туркомпаниялармен ұмра сапарына бармауға шақырамыз, - деп мәлімдеді ҚМДБ.

Фото: pexels.com

 

 

Байланысты жаналықтар

Астанада жолаушылар автобусы бағанаға соғылды

21.02.2025

Жоқ үйлерді жалға беріп келген Астана тұрғыны ұсталды

21.02.2025

Павлодарда мектеп күзетшісі мас күйінде оқушыны ұрған

20.02.2025

ШҚО-ның бір ауданында жұмыс уақыты 1 сағатқа шегерілді

20.02.2025

Ақмолада мектеп автобусы 10 жастағы қызды басып кетті

19.02.2025

Батыс Қазақстанда дрон құлады

19.02.2025
MalimBlocks
Астанада жолаушылар автобусы бағанаға соғылды

Жоқ үйлерді жалға беріп келген Астана тұрғыны ұсталды

Ол Астана, Алматы қалаларында және «Бурабай» демалыс базасында үйлерді жалға беруге уәде еткен

Павлодарда мектеп күзетшісі мас күйінде оқушыны ұрған

ШҚО-ның бір ауданында жұмыс уақыты 1 сағатқа шегерілді

Ақмолада мектеп автобусы 10 жастағы қызды басып кетті

Батыс Қазақстанда дрон құлады