Сакураның фонында. Бергей Рысқалиевтің видеосы тарады

Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің Лондон саябағында серуендеп жүрген видеосы жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшаларда экс-әкімнің Ұлыбритания астанасында жүрген бейнежазбалары тарап жатыр. Ол гүлдеген сакура ағаштарын бейнеге түсірген.
Айта кетейік, бұған дейін Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда көзге түскен еді.
Өзін шетелдегі казақстандық оппозиция өкілдерінің бірі етіп көрсететін экс-шенеунік Бергей Рысқалиев — 1967 жылы 21 қаңтарда Гурьев облысы Мақат ауданында дүниеге келген. Бергей Рысқалиев 2006 жылы Атырау облысының әкімі болды. 2012 жылы Атырау облысының әкімі қызметінен босағаннан кейін бірден елден де кетіп қалды. 2013 жылдың қаңтар айының соңында Бергей Рысқалиевқа іздеу жарияланды.
Еске салайық, 58 жастағы Бергей Рысқалиев ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бюджеттің 72 миллиард теңгесін қолды қылғаны үшін сырттай 17 жылға сотталған. Онымен бірге Мәжіліс депутаты болған інісі Аманжан Рысқалиға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.
Фото: видеодан скрин
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
