Түркістан облысында газ баллоны жарылып, 6 адам зардап шекті
Ауруханаға жеткізілген 6 адамның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр
Оқиға Созақ ауданы, Аққолтық ауылында болды. Жеке тұрғын үйде 27 литрлік тұрмыстық газ баллоны жарылып, 180 шаршы метрлік жеке тұрғын үй толығымен қирап қалды,- деп хабарлайды Malim.kz.
Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері келгенге дейін көршілер үйінді астынан термиялық күйік шалған 6 адамды ауруханаға жеткізген. Оның ішінде кәмелетке толмаған 5 бала бар.
Жарылыс салдары анықталып жатыр. Сағат 21:40-та қираған үйіндіні ашу жұмыстары барысында 20 шаршы метр қираған төбе жаппасының жанғаны анықталды. Өрт сағат 21:55-те оқшауланып, сағат 23:12-де толық сөндірілді. 6 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір үшеуі жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр», - деді Созақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Ақбаев.
Фото: Түркістан облыстық ТЖД