Үндістанда алаяқ студенттерді Қазақстандағы оқу орнына түсіріп беремін деп алдаған

Алданғандар 12 миллион теңге төлеген

Сұлу Бөлек

  • 13.04.2025

Үндістанда ер адам адамдарды Қазақстандағы оқу орнына түсіріп беремін деп алдаған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Іndiatimes.com порталына сілтеме жасап. 

Үндістанда Гангадхар Хариш есімді ер адам Қазақстанда медицина саласында оқуға орын тауып беремін деп бірнеше адамды сан соқтырған. Ол өзіне жүгінгендерден 2 миллион рупий алған. Теңгеге шаққанда бұл 11-12 миллион теңге. 

Бұған дейін жәбірленушілер берген шағымнан кейін полиция оған 10 ай бойы іздеген. Хариш Нью-Дели әуежайында елден қашпақ болған кезінде ұсталды. 

Айыпталушы тек Шрикакуламе провинциясында студенттерден шамамен 2 миллион рупий (шамамен 11-12 миллион теңге) жинаған. Полиция оның Визианагарамда, Хайдарабадта, Медакта, Каримнагарда және басқа жерлерде ондаған студенттерді Қазақстандағы медициналық оқу орындарына орналастырамын деп уәде беріп, алдағанын айтты. Оған қатысты Хайратабад полиция бөлімінде бірнеше іс қозғалды. Көпшілік Қазақстанға барғаннан кейін ғана алданғандарын түсінген. Кейін елдеріне Үндістанға оралған соң полицияға шағымданған. 

"Ол Шрикакуламедегі Политехникалық колледждің жанында GGN International кеңсесін ашқан. Сосын жеті студенттен барлық оқу ақысын жинап, колледжге тек бірінші оқу жылына ғана төлеген. Ал бір жылдан кейн студенттер оқуын төлеу алмай, үйлеріне қайтуға мәжбүр болған. Ол студенттерге 6 жылдық оқу мен жатақхананы арзан бағада тауып беремін деп алдаған. Салдарынан тек бір жылдық оқуды ғана төлеген", - деді Махесвар Редди.

Колледжден шығарылғаннан кейін студенттер қазақстандық полицияға және Үндістанның осы елдегі елшілігіне хабарлаған. Кейін елдеріне оралғаннан кейін Шрикакуламға шағым түсірген. 

Шрикакуламнан келген студенттер Астанадағы Медицина университетіне қабылданған. Бұл Қазақстанда MBBS бағытында 14-ші орында және оқу құнының төмендігіне байланысты таңдаулы оқу орны. 

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Қазақстанда жаңа 4 су қоймасы салынады

11.04.2025

Қазақстандықтарға Еуропаға бару жеңілдесе, не өзгермек?

08.04.2025

Шымкентте шетелдік студент өлі табылды

04.04.2025
MalimBlocks
Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Қазақстанда жаңа 4 су қоймасы салынады

Жобада Астана су қоймасын толықтыру жөніндегі жұмыс, 4 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 4 су қоймасын реконструкциялау, 115 арнаны реконструкциялау және күрделі жөндеу көзделген

Қазақстандықтарға Еуропаға бару жеңілдесе, не өзгермек?

Қазақстан мен Еуропалық одақ виза талаптарын өзара жеңілдету туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр

Шымкентте шетелдік студент өлі табылды

Шымкентте Үндістаннан келген студент өлі табылды