Жамбыл облысында полицей қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмды

Ол жол апатына ұшыраған

Malim Админ

  • 12.02.2025

Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы 12 ақпан күні аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды,- деп хабарлайды Malim.kz. 

11 ақпан күні сағат 19:40-та «Алматы-Ташкент» автожолының 203-шақырымында «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, бекітілген аумақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қызметтік көлікте болған екі полиция қызметкері әртүрлі дене жарақаттарымен Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы 12 ақпан күні аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, - делінген Жамбыл облысы ПД хабарламасында. 

Полиция аға лейтенанты Абай Үшкемпір ішкі істер органдарында 2017 жылдың 14 желтоқсанынан бері қызмет атқарған, ал қазіргі қызметіне 2025 жылдың 6 ақпанында тағайындалған. Қызмет еткен жылдары ішінде 9 мәрте марапатталған.

Жамбыл облысы Полиция департаменті марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Фото: Жамбыл облысы ПД  

Байланысты жаналықтар

Меркіде ер адам тойға сойылған жылқының қазысы мен тойбастарды ұрлап кетті

19.02.2025

Жүрек ауырады: Алматыда балабақша тәрбиешісі баланы қылқындырған

14.02.2025

Полиция онлайн сатып алу кезіндегі қауіптер туралы ескертті

13.02.2025

Ауа райына байланысты 6 облыстағы жолдар жабылды

13.02.2025

Жамбыл облысы: Жас полицей өзін атып тастады

13.02.2025

«Күдікті әлі табылмады». Атырауда мұғалімді 80 млн теңге сұрап қорқытты

07.02.2025
MalimBlocks
Меркіде ер адам тойға сойылған жылқының қазысы мен тойбастарды ұрлап кетті

Жүрек ауырады: Алматыда балабақша тәрбиешісі баланы қылқындырған

Бүгінгі таңда қылмыстық іс қозғалған.