Абай облысында суға кеткен 3 адам іздестіріліп жатыр

Наурыздың 27-күні Абай облысы, Аягөз ауданындағы Борлы өзенін трактормен кесіп өтпек болған Қарағаш ауылының 2 азаматы суға батып кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 28.03.2024

Құтқарушылар оқиға орнына келгенде, тұрғындарды таба алмай қалған. 


«Сондай-ақ 23 наурыздан бастап 1977 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ол Аягөз өзенінен өтпек болғанда, аттан құлап суға ағып кеткен. Ескерте кетейік, жоғалған азаматтар көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына еш қатысы жоқ», — деп жазды ведомстводан.


Іздестіруге төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті, әкімдік қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. 


Фото: Aikyn.kz.