Алдағы үш тәулікте ауа райы қалай өзгереді

"Қазгидромет" синоптиктері 8, 9, 10 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуі әсерінен ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады.
Мамандардың айтуынша, найзағай ойнап, тұман түседі және жел екпіні күшейеді.
Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда нөсер жаңбыр күтіледі, шығыста түнгі уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал.
Алдағы күндері батыста температура түнде 5-13-тен 1-9-ға дейін, күндіз 15-25-тен 10-20-ға дейін төмендейді деп күтілуде.
Республиканың солтүстігі мен орталығында түнде температураның ауытқуы 0-8-ден 2-12-ге дейін, күндіз 10-20-дан 17-25-ке дейін көтеріледі.
Шығыста ауа температурасы күндіз 13-21 градустан 17-25 градусқа жылуға дейін біртіндеп жоғарылайды.
Оңтүстікте түнде 10-15 жылу күтіледі, күндіз ауа температурасы 20-28-ден 23-32-ге дейін көтеріледі.
Оңтүстік-шығыста түнде 5-12 жылудан аздап төмендейді, таулы аудандарда 3 градус аяз 3-8 градус жылуға дейін көтерілсе, таулы аудандарда 0-5 аяз, күндіз 15-25-тен 12-20 жылуға дейін жетеді.
Фото: istockphoto
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
