Ақтөбеде саяжайдағы үйден шыққан өрттен егде жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты

Алдын ала нұсқа бойынша, қайғылы жағдайдың себебі электр сымдарының тұйықталуынан болған.

Malim Админ

  • 07.05.2024

Ақтөбеде саяжай кооперативінде егде жастағы ерлі-зайыптылар үйлерімен бірге өртеніп кетті. Көршілерінің мәліметінше, зейнеткерлер мұнда ұзақ уақыттан бері тұрып келген, деп хабарлайды Malim.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Бау-бақша ұжымындағы үйдегі өртті көрген көршілері бірден өрт сөндіру қызметіне хабарласқан. Бригада келгенше өртті өздері сөндіруге де тырысқан. Бірақ олардың шамасы жалынның алдын алуға келмеген. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен өртке оранған.

Үй түгелімен өртеніп кеткен. Өкінішке қарай, өрттен кейін зейнеткерлердің денелері табылды. Алдын ала нұсқа бойынша, қайғылы жағдайдың себебі электр сымдарының тұйықталуынан болған.

Осы үйден сегіз бірлік газ және оттегі баллондары алынды. Өрттің ықтимал себебі электр сымының пештен қысқа тұйықталуы болды, - деді Ақтөбе қаласы ТЖБ Астана ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Данарбек Иманғазин.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе облысында үйі өртенген екі зейнеткер жан тапсырды

18.05.2024

Тоқаев шахтадан шыққан өртті сөндірген Айбар Қосановты «Еңбек Даңқы» орденімен наградтады

06.05.2024

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

26.04.2024

Ақтөбеде құрылыс компаниясы үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдап кеткен

26.04.2024

«Атырау облысында екі бала тірідей жанып кетті»: Полицейлер күдіктіні ұстады

25.04.2024

Атырау облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі бала тірідей жанып кетті

25.04.2024
MalimBlocks
Ақтөбе облысында үйі өртенген екі зейнеткер жан тапсырды

Қазір өрт себебі анықталып жатыр

Тоқаев шахтадан шыққан өртті сөндірген Айбар Қосановты «Еңбек Даңқы» орденімен наградтады

2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші эвакуацияланған болатын. 

«Семей орманы» резерватында өрт шықты

ТЖМ мәліметінше, бұл аймақ батпақты, адам жетуі қиын жерде орналасқан.

Ақтөбеде құрылыс компаниясы үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдап кеткен

Тергеу барысы облыс прокуроры Х. Дәуешовтің жеке бақылауында болды.

«Атырау облысында екі бала тірідей жанып кетті»: Полицейлер күдіктіні ұстады

Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Атырау облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі бала тірідей жанып кетті

Сондай-ақ анасы 1995 ж.т. Н. С. және азаматтық некедегі жолдасы 1994 ж.т. Д.Б. ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.