«Ақыры бәріне унитаз кінәлі деп жазатын шығар»: Бишімбаевтың сотында тергеуге белгісіз хат оқылды

Хаттың мәтіні судья Айжан Көлбаеваны таңғалдырған сынды.

Malim Админ

  • 08.04.2024

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы бүгін де жалғасып жатыр. Экс-министрді қорғаушы тарап соттан Салтанат Нүкенова жазған мәлімдемені іс материалдарына тіркеуді сұрады. Алайда Нүкенованың туыстарының адвокаттары бұл хаттың Салтанаттың жазғанына күмән келтіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотталушының адвокаттарының бірі Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың блокнотына жазылған жазбаны оқыды. Оның айтуынша, Салтанат Нүккенова кезінде Қуандық Бишімбаевтың атына жазған.

Ол (Салтанат) оған (Бишімбаевқа) өтініш жазды. Мәлімдеме дәл осы жағдайларға қатысты. Ол өзара сенімді қалпына келтіруге уәде береді. Атап айтқанда, оның дәптерінде Нүкенованың өз қолымен жазған жазбасы бар, - деді Ғазымжанов.

Осыдан кейін қорғаушы хатты оқыды:

Мен, Салтанат Нүкенова, Қуандыққа деген сенімді қалпына келтіруге уәде беремін. Оған сенемін, қызғанбаймын деп уәде берем. Психологқа үнемі баруға, өзіммен жұмыс істеуге серт етем. Мен шын жүректен, мойынсұнып, Қуандықты құрметтейтін болам. Отбасы ошағын қорғайтын, сүйіспеншілікке толы әрі қамқор әйел болам. Боқтамаймын, әңгіме шығармаймын. Егер сондай жағдай болса, түсіністікпен қараймын әрі өзімді ұстаймын, ант етем. Мен оның пікіріне сенем әрі ол маған жақсылық тілейді деп сенем. Мен сүйікті Қуандыққа қамқорлық жасауға, құрметтеуге, әрқашан қолдау көрсетуге міндеттенемін. Мен Қуандықпен бірге намаз оқимын, санаммен жұмыс істеймін, рухани өсем әрі Алланың көмегімен үйім мен махаббатымызды қорғаймын".

Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат Нүкенованың жазған хаты Бишімбаевтың оны азаптады деген нұсқаны жоққа шығарады деп санайды.

Хаттың мәтіні судья Айжан Көлбаеваны таңғалдырған сынды.

Әйелі күйеуіне осындай міндеттеме алатынын жазған ба? Мұны қалай түсінуге болады? Әйелінің күйеуіне осындай хат жазғанын бірінші рет естіп отырмын, - деді Көлбаева.

Қорғаушы тарап соттан хатты іс материалдарына тіркеуді сұрады. Сот процесі барысында бұл хаттың тергеу органдарына берілмегені айтылды. Бишімбаев бұл өтінішті қолдап, екінші сотталушы Бақытжан Байжанов сот шешіміне қалдырды.

Зардап шеккен тараптың адвокаты Игорь Вранчев өтінішке кекесінмен қарады.

Басты сот талқылауының соңында Салтанат Нүкенованың, бәлкім, сот пен алқабилердің атына бірден "бәріне унитаз кінәлі" деген хаты шықса таңғалмаймын, - деді Вранчев.

Судья Көлбаева Бишімбаевтың адвокаттарына айтылған арызды іс материалдарына қосудан бас тартты.

Фото: time.kz

Байланысты жаналықтар

Діни-экстремистік ұйым ұйымдастырып, терроризмді насихаттағандар сотталды

30.04.2024

Ресейге адыраспан тасымалдаған қазақстандықтар сотталуы мүмкін

29.04.2024

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

29.04.2024

Бишімбаев ісі: прокуратура Байжановқа тағылған бір айыптаудан бас тартты

29.04.2024

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жарыссөз басталды (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

29.04.2024

Бишімбаев пен Байжанов сот залына жеткізілген жоқ

29.04.2024
MalimBlocks
Діни-экстремистік ұйым ұйымдастырып, терроризмді насихаттағандар сотталды

Сотталушылар жанындағыларға идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрініштік тудырған.

Ресейге адыраспан тасымалдаған қазақстандықтар сотталуы мүмкін

Ол елде «гармала», яғни жалпақ тілмен айтқанда «адыраспан» өсімдігі тыйым салынған өсімдіктер қатарына енген.

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

Ол қызды пышақпен қорқытып, өз үйінің кіреберісінде не болып жатқанын видеоға түсірген.

Бишімбаев ісі: прокуратура Байжановқа тағылған бір айыптаудан бас тартты

Тараптар бұл өтінішхатқа қарсылық білдірмеді.

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жарыссөз басталды (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

2024 жылдың 24 сәуірінда Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуді аяқтады.

Бишімбаев пен Байжанов сот залына жеткізілген жоқ

Сот процесі түстен кейін сағат 14.30-ға шегерілді.