Астанада экс-депутат Сәтмағамбетовке тиесілі фирманың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астанада «Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС үлескерлерінің арызы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Ал ЖШС құрылтайшысы елорда мәслихатының экс-депутаты Ғабит Сәтмағамбетов. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Malim Админ

  • 03.04.2024

ҚазТАГ ақпарат агенттігі аталған іс бойынша, қандай іс қозғалғанын білу мақсатында Астана полиицясына сауал жолдаған.

Астана қаласының Есіл аудандық полиция басқармасы үлескерлер арызы бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 190 бабы, 2 тармағы (алаяқтық) негізінде сотқа дейінгі тексеру бастады. Қазірде барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданып, кінәлі тұлғалардың ісіне құқықтық баға беріледі, - делінген полиция жауабында.

Агенттікке хабарласқан Астана тұрғыны Әділбек Ахметов өзінің «Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС үлескері екенін айтқан. Ал аталаған ЖШС құрылтайшысы атышулы G-Park құрылыс компаниясының жетекшісі Ғабит Сәтмағамбетов.

Ахметовтың сөзінше, ол үлескер ретінде салған ақшасын қайтарып алуға сот шешімі арқылы қол жеткізген. Бірақ «Нұр-Сұлтан Финанс» сот шешімін орындамай отыр.

Әділбек Ахметов «Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС-ның үлескерлер ақшасын пайдалануға құқы болмағанын, сондықтан әңгіме алаяқтыққа тірелетінін алға тартады.

Ахметов келтірген дерекке қарағанда, мәселеден 600 жуық үлескер зардап шеккен. Оның ішінде, ондаған адамға соттың салынған ақшаны қайтару туралы шешімі шыққан.

Қаржылай зардап шекккендер құрылыс компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғалғанын қалайды. Алайда олар құқық қорғау органдары тарапынан әрекет болмай жатқанын айтады. Олардың сөзінше, Сәтмағамбетовтың DALAINSIDE журналистері үстінен жасаған арызы негізінде бірден қылмыстық іс қозғалғанын, ол іс қоғамда қызу талқыланған соң ғана тоқтағанын тілге тиек етеді.

Айта кетейік, 19 ақпанда Dalanews және DALAINSIDE редакциясының журналистері Сәтмағамбетов пен оған қарасты G-Park құрылыс компаниясы тарапынан қысым болып жатқанын мәлімдеп, Қазақстан Журналистер одағынан қолдау сұраған еді. Сол кезде бұл мәселе Одақтың Астана филиалы назарына алынған-тын.

20 ақпанда Қазақстан Журналистер одағы Астана филиалының жетекшісіне Мәдениет және ақпарат министрлігінен хабарласып, журналистерге қарсы істің жабылғанын айтқан. Одан соң полиция да ақпаратты растады.

Айта кетейік, Сәтмағамбетовтың басы мұндай дауға бірінші рет қалып отырған жоқ. Мысалы, 2022 жылы Сәтмағамбетов Астанадағы көп балалы аналарға дөрекі сөз айтқан. Ал ақпан айында құрылыс компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

2023 жылдың 20 сәуірінде G-Park құрлыс компаниясын Астанадағы Washington тұрғын үй кешенін бұзуға міндеттеді.

2023 жылдың 22-желтоқсанында Астана қаласының әкімдігі G-Park компаниясына жаңа үй құрылсын бастауға тыйым салды.

Фото: Интернеттен

Байланысты жаналықтар

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

02.05.2024

Діни-экстремистік ұйым ұйымдастырып, терроризмді насихаттағандар сотталды

30.04.2024

Ақтөбеде құрылыс компаниясы үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдап кеткен

26.04.2024

«Атырау облысында екі бала тірідей жанып кетті»: Полицейлер күдіктіні ұстады

25.04.2024

Су тасқыны: ІІМ із-түзсіз жоғалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады

18.04.2024

Алматы облысында екі жылдан бері пәтеріне кіре алмай жүрген үлескерлер шу шығарды

12.04.2024
MalimBlocks
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Діни-экстремистік ұйым ұйымдастырып, терроризмді насихаттағандар сотталды

Сотталушылар жанындағыларға идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрініштік тудырған.

Ақтөбеде құрылыс компаниясы үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдап кеткен

Тергеу барысы облыс прокуроры Х. Дәуешовтің жеке бақылауында болды.

«Атырау облысында екі бала тірідей жанып кетті»: Полицейлер күдіктіні ұстады

Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Су тасқыны: ІІМ із-түзсіз жоғалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады

Қазір мұндай сипаттағы жеті қылмыстық іс бар.

Алматы облысында екі жылдан бері пәтеріне кіре алмай жүрген үлескерлер шу шығарды

Жекеменшік пәтеріміз болады деп қуанған 200-ге жуық отбасы енді құрылыс компаниясының бас кеңсесін торуылдап жүр.