Атырау облысында су тасқынының екінші толқыны қаупі сақталуда

Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан келген құтқарушылар тобы БҚО-дан Атырау облысына жөнелтілді.

Malim Админ

  • 26.04.2024

Батыс Қазақстан облысындағы жағдай тұрақталуда. Жайық өзеніндегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде, деп хабарлайды Malim.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде су тасқыны салдарын жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан келген құтқарушылар тобы БҚО-нан Атырау облысына жөнелтілді. Өңірде су тасқынының екінші толқыны қаупі сақталуда.

Бұдан бөлек, БҚО ТЖД құтқарушылары Алматы қаласының Республикалық жедел-құтқару жасағымен және берілген күштермен бірлесіп, саяжай алаптары ауданында су басқан аумақтарды патрульдеу және мониторинг жүргізу, тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялау жалғасуда.

Фото: Gov.kz

Байланысты жаналықтар

«Forbes Қазақстан»: Ахметжан Есімовтің қызы олигархтар тізіміне қосылды

06.05.2024

СІМ өкілі әйелін ұрған дипломат туралы пікір білдірді

06.05.2024

Қазақстандық ардагерлер басқа елдерге қарағанда анағұрлым көп көмек алады

06.05.2024

БАӘ Қазақстандағы елшісінің кеңесшісі әйелін ұрып-соққан

06.05.2024

Су тасқыны: 48 945 адам өз үйіне оралды

06.05.2024

Елімізде ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

06.05.2024
MalimBlocks
«Forbes Қазақстан»: Ахметжан Есімовтің қызы олигархтар тізіміне қосылды

Тізімдегілердің жалпы байлығы өткен жылмен салыстырғанда 8,2 миллиард доллар өсіп, 46,63 миллиард долларға жетті.

СІМ өкілі әйелін ұрған дипломат туралы пікір білдірді

Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады.

Қазақстандық ардагерлер басқа елдерге қарағанда анағұрлым көп көмек алады

Елімізде 148 ардагер тұрады.

БАӘ Қазақстандағы елшісінің кеңесшісі әйелін ұрып-соққан

Әйел өз видеоүндеуінде күйеуін түрмеге жабуды қалайтынын айтады.

Су тасқыны: 48 945 адам өз үйіне оралды

Республика бойынша 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Елімізде ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Ведомство басшылығының шешімі бойынша, 2024 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.