Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде Геббельстің цитатасын келтірді

Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрады.

Malim Админ

  • 06.05.2024

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік Германияның насихат министрі болған Геббельстің "өтірік сұмдық болған сайын оған сену оңай" деген сөзін Бишімбаев бүгінгі соттағы соңғы сөзінде айтты, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол алқа билерге жүгініп, олардың сотқа қатысуын өзі сұрағанын, Құдайға сенетінін, Салтанаттың өлім аузында жатқанын білмегенін айтады. Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрайды. Өз туыстарының еш кінәсі жоқтығын айтып, кінәламауды өтінеді.

Менің ата-анам мен туыстарым еш кінәлі емес, бұл менің кінәм және тек менің жауапкершілігім, - дейді ол.

Бишімбаев тергеу әлеуметтік желілердің қысымына бой алдырып, айыптау бағытында жүрді деп мәлімдеді. Тағы да ол өлімнің себебі "мидағы жарылған тамырдан" гематома болды деп мәлімдеді.

Оның іс-әрекетінде ерекше қатыгездік болмағанының дәлелі ретінде Бишімбаев Салтанаттың денесінде пышақ жарақаты болмағанын айтады

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистік Германияның насихат министрі болған Геббельстің әйгілі сөзін Бишімбаев бүгінгі соттағы соңғы сөзінде айтты.

Айтқым келмеген айтайын: нацистік Германияда пропоганда министрі деген болған. Соның "біздің өтірік сұмдық болған сайын оған халықтың сенуі оңай" деген сөзі бар. Менің де ісімде солай: өтірік сұмдық болған сайын адамдардың соған сенуі оңай, - дейді ол.

Фото: Жоғарғы сот

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

18.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Әйелдер билікті алып, еркектер үйкүшік болып қалды – Қалдыбек Құрманәлі

17.05.2024

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

17.05.2024

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

16.05.2024

«Әрбір қызға Айтбектей аға керек». Адвокат Жанна Оразбақова үндеу жасады

16.05.2024
MalimBlocks
Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

Ал оған нағашысы ішкізген болып шықты

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Әйелдер билікті алып, еркектер үйкүшік болып қалды – Қалдыбек Құрманәлі

Психологтарды әбден тыңдап алған.

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

Ол Қайратқа берген ақшасын қайтарғысы келеді.

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

Бұл жазасын өтеп жатқан адам жақсы тәртібімен көзге түскен жағдайда мүмкін болады.

«Әрбір қызға Айтбектей аға керек». Адвокат Жанна Оразбақова үндеу жасады

Ол тұрмыста зорлық-зомбылық құрбаны болған қыздарды қолдау керек дейді.