«Боссың ба?». Бишімбаевтың ісінде «Юлия супер» есімді әйел пайда болды

Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаевтан бұл кім екенін және өлім болатын күні оған не мақсатта жазғанын сұрады.

Malim Админ

  • 23.04.2024

2023 жылы 9 қарашада, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенова қаза тапқан күні Қуандық Бишімбаев әйелдермен жайбарақат күйде хат алмасқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айта кетейік, бүгін сотта Қуандық Бишімбаевтың телефоны зерттеліп жатыр.

Судья оның хаттарын тексере келе 2023 жылы 9 қараша күні хат жазған адамдардың есімін, Бишімбаев олармен не туралы сөйлескенін оқыды.

Судьяның, мемлекеттік айыптаушы мен зардап шеккен тараптың адвокаттарының назарын аударған есім Юлия болды. Бишімбаев бұл адамды «Юлия супер» деп сақтаған және сол күні оған хат жазған. Хат 9 қараша сағат 19:07-де басталып, сағат 19:36-да аяқталған.

9 қараша күні 19:07-де Бишімбаев «қалың қалай?» деп жазған. Юлия супер «сенің қалың қалай?» деп жазған. 19:24-те Бишімбаев «не істеп жатырсың?» деп сұраған. Юлия супер «кірпігімді жөндеттім» деп жазған. 19:36-да Бишімбаев «боссың ба?» деп жазған. Юлия супер «нешеде?» деп сұраған, - деді хаттарды оқыған судья Айжан Құлбаева.

Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаевтан бұл кім екенін және өлім болатын күні оған не мақсатта жазғанын сұрады.

Осының бәрін жазғаным Салтанатқа бірдеме болды деп ойламағанымды дәлелдейді, - деді сұраққа нақты жауап бере алмаған Бишімбаев.

Судья күдіктінің телефонын ары қарай зерттеп жатыр.

Фото: Жоғарғы сот

Байланысты жаналықтар

Жетісу облысында оқушы қызды зорлады деген айыппен мұғалім сотталды

03.05.2024

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

03.05.2024

Бишімбаев соты қоғамды өзгерте ме?

02.05.2024

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

02.05.2024

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

02.05.2024

«Қыз зорлады» деп айыпталған полиция бастығы 11 жылға сотталды

30.04.2024
MalimBlocks
Жетісу облысында оқушы қызды зорлады деген айыппен мұғалім сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Бүгін сотта айыпталушылардың қорғаушылары сөз сөйлейді.

Бишімбаев соты қоғамды өзгерте ме?

Malim.kz тілшісі осы сұрақтарды сарапшыларға қойды. 

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Бүгін тараптардың жарыссөзы болуы керек. 

Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

«Қыз зорлады» деп айыпталған полиция бастығы 11 жылға сотталды

Ол полиция полковнигі арнайы атағынан айырылды.