«Дінімізде екі атпен жүруге болмайды»: Атышулы трансгендер мешітте есімін өзгертті

Алматылық танымал трансгендер Наиль Тұрғанов мешітке барып, есімін азан шақырып «Ника» деп өзгертті, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 03.04.2024

Бұл туралы блогер Instagram-парақшасында жазды.

Дінімізде екі атпен жүруге болмайды. Атам азан шақырып, атымды Наиль деп қойды. Араб тілінен аударғанда бұл есім «жетістікке жету», «мақсатқа жету», «сыйға лайық», «пайда» деген мағынаны білдіреді. Қазір мені барлығы «Ника» деп атайды. Ника – грек тілінен аударғанда «жеңіс» дегенді білдіреді. Әрі ежелгі Грекиядағы жеңіс құдайының аты, – дейді ол.

Наиль Тұрғанов бұл әрекетін жеңіске балап отырған көрінеді.

Мен өткерген жолымды жеңістің бір түрі деп білемін. Анам екеуіміз мешітке барып, есімімді өзгертуді жөн көрдік. Енді бұдан былай мен Никамын. Түсінемін, мен ауыр күнә жасадым. Бірақ егер шын ниетіммен кешірім сұрасам, Алла мені кешіреді деп үміттенемін. Анам Алланың мейірімді екенін, егер шын көңілмен рақым етуін сұрасам кешіретінін айтты, – дейді атышулы трансгендер.

Алайда оның бұл тірлігі желі қолданушыларына ұнамай қалды. Олар трансгендерді «жерден алып, жерге салып» жатыр.

«Сен имамды алдап соқтың», «Мынау расымен дінді мазақ етіп отыр», «Дінімізде еркек әйел болып, мешітке барып азан шақыртып ат қоюы дұрыс па?», «Бұл қаншалықты шариғатқа сай», «Имам да қызық, қалай азан шақырып жатыр?», «Алладан қорық», «Масқара», – деп пікір жазып жатыр желі қолданушылары. 

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

17.05.2024

«Әмин» деп дауыстап айтқаны үшін ұрған: Мешіт имамы оқиғаның қалай болғанын айтты

15.05.2024

ҚМДБ Шымкенттегі мешітте болған төбелеске қатысты мәлімдеме жасады

14.05.2024

«Әмин» деп дауыстап айтқаны үшін ұрған: Шымкентте мешітте төбелес болды (ВИДЕО)

14.05.2024

«VIP нөмірінің өзі 5000 доллар»: Таразда қымбат көлік мінген имам сынға ұшырады

26.04.2024

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған бас имам жазаланды

18.04.2024
MalimBlocks
Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

Діни бүлікшілер артында кім тұр?

«Әмин» деп дауыстап айтқаны үшін ұрған: Мешіт имамы оқиғаның қалай болғанын айтты

Оқиға 12 мамыр күні кешкі 19:00 шамасында болған.

ҚМДБ Шымкенттегі мешітте болған төбелеске қатысты мәлімдеме жасады

Намаз бен діни рәсімдер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша орындалады.

«Әмин» деп дауыстап айтқаны үшін ұрған: Шымкентте мешітте төбелес болды (ВИДЕО)

Желі қолданушылары оқиғаны қызу талқылап жатыр.

«VIP нөмірінің өзі 5000 доллар»: Таразда қымбат көлік мінген имам сынға ұшырады

ҚМДБ видеодағы дін қызметкерінің «әл-Әділ» мешітінің имамы екенін растағанымен, көлік имамдыкі емес екенін мәлімдеді.

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған бас имам жазаланды

Қанат Қыдырмин бұрын Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеген.