Еліміздің пойыздары интернетке қашан қосылады?

OneWeb — мобильді спутниктік байланысқа негізделген жоғары жылдамдықты интернет жүйесі

Malim Админ

  • 13.01.2025

Еліміздің пойыздарын интернетпен қамту мақсатында пилоттық жоба іске қосылды. 

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы агенттіктің ресми сауалына спутниктік байланыс технологияларын тестілеу «Астана — Алматы» бағытындағы № ¾ пойызда жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жоба OneWeb спутниктік жүйесі арқылы желіге қосылуға бейімделген вагондардың қолданыстағы мультимедиялық жабдықты пайдаланады.

— OneWeb — мобильді спутниктік байланысқа негізделген жоғары жылдамдықты интернет жүйесі. Қазақстандағы технологияның ресми дистрибьюторы Jusan Mobile АҚ телеком-операторы, - деп түсіндірді ҚТЖ. 

Тестілеу барысында бүкіл маршрут бойынша интернеттің тұрақтылығы мен орташа жылдамдығы тексеріледі. Сонымен қатар жолсеріктердің мобильді терминалдарының, қолма-қол ақшасыз төлемдерге арналған POS-терминалдардың, пойыз бастықтарының кеудеге ілетін видеотіркегіштер мен бейнебақылау жүйелерінің жұмысы бағаланады. 

Пойыздарда интернетті қосудың нақты уақыты тест нәтижелеріне байланысты болмақ. 

— Пилоттық жоба аясында интернет желісіне қосылудың техникалық мүмкіндігі ғана тексеріледі. Интернетті қосудың мерзімі мен экономикалық құрамдас бөліктер бойынша шешім пилоттық жобаның нәтижелері бойынша қабылданады, - дейді компаниядан. 

Одан бөлек, Қазақстан темір жолы компаниясы отандық және шетелдік басқа жеткізушілердің ұсыныстарын қарастырады. Қорытынды шешім қызметтің сапасын, тиімділігін және құнын ескере отырып қабылданады. 

Егер жоба сәтті болса, интернет барлық пойызда қосылуы мүмкін. 

Айта кетейік, былтыр Қазақстан интернеті ең арзан елдер тізіміне енді.

Фото: Туризм және спорт министрлігі  

 

Байланысты жаналықтар

Алматы, Маңғыстау, Жетісу облыстарында казинолар ашылады

31.01.2025

Жұмыссыздар кәсіптік біліктілігін танытуға өтініш бере алады

31.01.2025

Былтыр мың жарым баланың құқығы қалпына келтірілген

31.01.2025

Алаяқтар ақша ұрлаудың жаңа құйтұрқы жолын тапқан

31.01.2025

Қостанай облысында алимент төлемейтіндер екі есе артқан

31.01.2025

Көлікті 5 минуттан артық қыздыруға айыппұл салатын заң тоқтатылды

30.01.2025
MalimBlocks
Алматы, Маңғыстау, Жетісу облыстарында казинолар ашылады

Жаңа казинолар мыңдаған жұмыс орындарын ашып, миллиардтаған салық түсіреді

Жұмыссыздар кәсіптік біліктілігін танытуға өтініш бере алады

Былтыр мың жарым баланың құқығы қалпына келтірілген

Оқу-ағарту министрлігі тексеріс нәтижесін жариялады

Алаяқтар ақша ұрлаудың жаңа құйтұрқы жолын тапқан

Қостанай облысында алимент төлемейтіндер екі есе артқан

Сол үшін 61 ата-ана сотталған

Көлікті 5 минуттан артық қыздыруға айыппұл салатын заң тоқтатылды