Енді зейнетақы жинағын бала еміне жұмсауға болады

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін кәмелетке толмаған балалардың емі үшін мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат етіледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі ««Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізген.
Құжатқа сәйкес, ата-аналар біржолғы зейнетақы төлемдерін кәмелетке толмаған балаларының еміне жұмсай алады.
Зейнетақы жинағының төменгі шегінен артылған қаражатты орфандық ауруларға, қалпына келтіру операцияларына, радиохирургиялық емге, тісті емдеуге және тағы басқа медициналық қызметтерге пайдалануға рұқсат етілген.
Бұйрық 27 сәуірден бастап күшіне енеді.
Фото: pixabay.com
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
