Есірткі беріп, зорлап келген: Алматы облысында жәбір көрген 17 жастағы қыздың анасы әділдік іздейді

Алматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылында бір топ жігіт 11 сынып оқушысын 2 жыл бойы пышақпен қорқытып, есірткі беріп, зорлап келген. Оның анасы әділдікті талап етіп, кінәлілердің жазалануын сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Malim Админ

  • 02.04.2024

Қорлық көрген қыздың анасы Оралия Шүкетаеваның айтуынша, қаскөйлер соңғы рет қызды ұрлап, 3 күн қамап ұстаған. Алқапқа апарып ұрып-соғып, тепті дейді. Қызын таппаған әйел полицияға жүгінген. Олар тауып әкелсе де, қыздың қайдан табылғанын айтпапты.

Қазіргі таңда жігіттердің бірі тергеу изоляторында, ал біреуі үйқамақта. 

Ол үздік, озат оқушы еді. Соңғы 2 жылда 23 жастағы Сәния деген қызбен танысып, мінез-құлқы, өзін ұстауы өзгерді. Түнде шығып жоғалып кетеді. Түнде тығылып жылайды, ештеңені айтпайды, бұғып жүреді. Аружан өзіне қол салып, бөлмесінде жіпке асылмақ болған. Үйде жиі кетіп қалып, полиция тауып әкеледі. Олар маған айыппұл салады, – деді Оралия Шүкетаева.

Соңғы жағдайдан соң қыз Қаскелеңдегі ауруханада реанимацияда 5 сағат жатады, содан соң қалалық ауруханаға ауыстырылып, сонда 1 айдан бері жатыр екен.

Анасының сөзінше, 23 жастағы құрбысы Аружанды өз құрдастарымен таныстырып, ортаға араластырған. Сол кезде Мирас деген жігітпен танысып, екеуі қыз-жігіт боп көңіл жарастырыпты. Ол кейін Селекция ауылындағы шаруашылықта қызға пышақ тақап, зорлады дейді белсенді Ақмарал Басирова. Қазіргі таңда қамауда жатқан осы Мирас. Аталмыш ересек достары Аружанды тамақ ішуге барамыз деп алдап, алып кеткен дейді. Артынша фазендада оған есірткі иіскетіпті.

Оралия Шүкетаева – 3 баласы бар жалғызбасты әйел. Қонрлық көрген Аружан – оның тұңғышы. Үкілеген тұңғышының осындай күйге түскеніне әйел налиды. Сондай-ақ полицейлер істі бір айдан кейін тіркеген көрінеді. 

Аружанның құрбысы да өз білгенін айтты.

Басында Сәбит деген бала зорлаған, ал Мираспен кездесіп жүрді. Олар осылай топпен жиналып ішетін. Сәния құрбысы оны қысатын, түсіргісі келетін. Бір күні Аружан маған есірткі көрдім деп айтты. Біріншісінде Азатпен жүргенде, екінші рет Сәнияның үйінде, үшінші рет Әсеттермен жүргенде көрген. Ал Аружан әпкелерімен сыйыспай, отбасылық мәселелеріне шағымданатын. Оны жиі бақылауда ұстайды, – деді ол.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер ұсталды

02.05.2024

Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті

02.05.2024

«Қыз зорлады» деп айыпталған полиция бастығы 11 жылға сотталды

30.04.2024

Прокурор «қыз зорлады» деп айыпталған полиция бастығын 12 жылға соттауды сұрады

30.04.2024

Павлодарда жатақханада студент қыз өзіне қол жұмсаған

30.04.2024

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

29.04.2024
MalimBlocks
Алматы облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргендер ұсталды

Мемлекетке келтірілген залал 122 млн теңгеден асты.

Павлодарда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бұл туралы «VITA» іздестіру жасағының еріктілері мәлім етті.

«Қыз зорлады» деп айыпталған полиция бастығы 11 жылға сотталды

Ол полиция полковнигі арнайы атағынан айырылды.

Прокурор «қыз зорлады» деп айыпталған полиция бастығын 12 жылға соттауды сұрады

Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.

Павлодарда жатақханада студент қыз өзіне қол жұмсаған

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады.

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

Ол қызды пышақпен қорқытып, өз үйінің кіреберісінде не болып жатқанын видеоға түсірген.