Лақап аты - "Голова": қылмыс әлемінің серкесі қайтыс болды
"Голова" лақап атымен танымал Серік Жаманаев қайтыс болды

"Голова" лақап атымен танымал Серік Жаманаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Бұл туралы белгілі журналист әрі заңгер Айнұр Балакешова айтты.
Серік Жаманаев ауруханада қатаң күзетпен күзетілетін палатада жатқан. Ол жуынуға мүмкіндік берілмегеніне және төсек-орны ауыстырылмағанына шағымданған.
"Бүгін таңертең "Голова" лақап атымен танымал, 60 жастағы Серік Жаманаев есімді қылмыстық авторитет қайтыс болды. Ол 11 сәуірде Петропавл қаласындағы онкодиспансерге конвоймен жеткізілген еді. Үшінші сатыдағы обыр диагнозы қойылған", – деп жазды Балакешова өзінің Facebook-парақшасында.
Оның айтуынша, Жаманаев бірнеше рет сотталған – жалпы 9 соттылығы болған. Түзеу мекемесінде ол беделге ие болған.
"Бұған дейін ол адвокаттары арқылы үшінші сатыдағы қатерлі ісікпен жүре алмайтын жағдайға жетсе де, оны түрме ішкі тәртібінің 21-бабына сүйеніп еден жуғызуға мәжбүрлеп жатқанын айтып шағымданған. Туыстары оның емделу хаттамасын көре алмаған. Ол палатада күзетпен жатқан. Жуынуға да мүмкіндік берілмеген, төсек-орны да ауыстырылмаған", – деп жазды журналист.
Фото: ©Айнұр Балакешова парақшасынан
MalimBlocks
