Гуманитарлық көмек көрсетуге арналған «Бәрімізге қатысты» атты орталық ашылды

Тиісті жерлерге қажетті көмекті жөнелтіп қана қоймай, аймақтарға өздері де жеткізумен айналысады

Malim Админ

  • 18.04.2024

Астанада тағы бір гуманитарлық көмек көрсетуге арналған орталық ашылды. Оны «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы ұйымдастырып отыр. Жастар тиісті жерлерге қажетті көмекті жөнелтіп қана қоймай, аймақтарға өздері де жеткізумен айналысады.  “Бәрімізге қатысты” орталықтарына күнделікті еліміздің өзге өңірлеріндегі адамдардан көмек қолын созуға сұраныс түсіп жатыр. Кеше жәрдем көрсетуге ниетті  жандар Ақмола облысындағы Оразақ ауылы тұрғындарына елді-мекен аумағын су тасқынынан қорғайтын бөгеттер салуға көмектесу үшін барды. Егер Сіз де  жерлестерімізге көмек қолын созғыңыз келсе  “Бәрімізге қатысты” сайтына тіркеліңіз. Біз сенің көмегіңе қай жерде мұқтаж екендігін айтамыз.

Байланыс нөмірі: 8 707 070 40 50. “Бәрімізге қатысты” орталығының мекенжайы: Астана - Мәңгілік Ел, В2.2 Алматы - Байтұрсынов, 67