«Лайк баспағаны үшін сөгіс алды»: әкімдік пікір білдірді

Жастар ресурс орталығы қызметкерлері әлеуметтік желіде басшылықтың әрекетіне шағымданды

Сұлу Бөлек

  • 17.04.2025

Жастар ресурс орталығы қызметкерлері әлеуметтік желіде басшылықтың әрекетіне шағымданды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Facebook-те орталықтың әлеуметтік желідегі жазбаларына лайк қоймаған қызметкерлер жазбаша сөгіс пен ауызша ескерту алғаны айтылған жазба тарады. Шымкент қаласының әкімдігі бұған қатысты пікір білдірді. 

"ЖРО-дағы жағдай — бұл екі қызметкер арасындағы жұмыс дауы. Мұндай мәселені ұжым ішінде, маған жүгініп-ақ шешуге болатын еді. Бірақ оның орнына бұл әлеуметтік желіде тарап кетті. «e-Өтініш» платформасы арқылы ресми шағым тек жарияланымнан кейінгі күні ғана түсті, — деді Ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Айгерім Жұмакұлова.

Сонымен қатар, Жұмакұлова ЖРО басшысының қызметкерлерден әлеуметтік желіде белсенді болуды талап еткенін растады. Сол үшін оған жаза қолданылған.

"ЖРО басшысының әлеуметтік желідегі белсенділікті талап етуі — орынсыз әрекет деп танылды. Оған тәртіптік жаза қолданылды", — деді басқарма басшысы.

Еске салайық, жыл басында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің жариялаған жазбасы әлеуметтік желіде пікірталас тудырған еді. Қарашөкеев Instagram-парақшасында 2025 жылды Жамбыл облысында «Кітап жылы» деп жариялағанын айтып, Жаңа жыл мерекесінде Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен ақын Күләш Ахметованың «Құт» атты өлеңдер жинағын оқығанын жазған. Бұл жазбаға қоса жарияланған сурет желі қолданушылары арасында қызу талқылауға түсті.

Сол арада Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қарашөкеевке қатысты сын жазылған жазбаға неге лайк қойғанын түсіндіруге мәжбүр болған.

Фото: Pixabay.com 

Байланысты жаналықтар

Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

25.04.2025

Азаттық радиосы АҚШ ғаламдық медиа агенттігін сотқа берді

19.03.2025

Дем алу мүмкін емес, Өскеменде емханаға баратын адамдар 11 пайызға көбейген

29.11.2024

Бақытжан Байжановтың кассациялық шағымы қаралатын күн белгілі болды

01.09.2024

Денис Теннің өліміне кінәлі адам Жоғарғы сотқа шағым түсірді

06.08.2024

Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жекпе-жегінің нәтижесіне қатысты шағым түсірді

02.08.2024
MalimBlocks
Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

Азаттық радиосы АҚШ ғаламдық медиа агенттігін сотқа берді

Азаттық радиосы АҚШ ғаламдық медиа агенттігі мен оның лауазымды тұлғаларын сотқа берді

Дем алу мүмкін емес, Өскеменде емханаға баратын адамдар 11 пайызға көбейген

Адамдар жүрек айнуына, тамақ пен бас ауруына шағымданып жатыр

Бақытжан Байжановтың кассациялық шағымы қаралатын күн белгілі болды

Шағым қаралатын күн Сот кабинеті сайтында жарияланды

Денис Теннің өліміне кінәлі адам Жоғарғы сотқа шағым түсірді

Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жекпе-жегінің нәтижесіне қатысты шағым түсірді

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ҰОК қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде төрелік еткен жекелеген төрешілерге қатысты ПБУ-ға эскерту жасады.