Мамандар Қазақстанда жаһандық жылыну процесі екі есе жылдам жүріп жатқанын айтты

Мұндай жағдайда өңірде жауын-шашын көбейгенімен, құрғақ аймақтар одан сайын құрғай түседі.

Malim Админ

  • 08.04.2024

Ресей климатологы Алексей Кокорин Информбюро порталына берген сұхбатында Қазақстан мен Ресейде болып жатқан су тасқынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, жаһандық жылыну процесі әлемнің құрғақ бөліктерінде әлдеқайда жылдам жүріп жатыр. Мұндай жағдайда өңірде жауын-шашын көбейгенімен, құрғақ аймақтар одан сайын құрғай түседі.

Қазір Жер шарының барлық бөлігінде жаһандық жылыну болып жатқанын білесіз. Әсіресе, Жердің құрғақ бөліктерінде жылыну процесі көбірек байқалып отыр. Менің ойымша, бұл процесс Қазақстанда екі есе қатты жүріп жатыр. Жер шарының көп жерін мұхиттар алып жатқандықтан, жауын-шашын көп. Температураның градусы көтерілген сайын жауын-шашын мөлшері де бірнеше пайызға өседі. Мұндай кезде тек жауын-шашын көбейіп қоймай, құрғақ аймақтар одан сайын құрғай түседі. Мысал ретінде Африка, Орта Азия мен Жерорта теңізі маңындағы елдерді айтуға болады. Қазақстан туралы айтар болсақ, оның оңтүстік бөлігінде құрғақшылық байқалады, – деді Алексей Кокорин.

Оның сөзінше, әлем көміртегі бейтараптығына жетпеген жағдайда жылу толқындары 3 есе көбейеді.

XIX ғасырда 10 жылда бір рет қатты жауған жауын-шашын қазір 30 пайызға жиілеген. Әрине, бұл көрсеткіш барлық жерде бірдей емес, бір жерде 30 пайыз, бір жерде 50, тағы бір жерде 7 пайыз болуы мүмкін. Жалпы алғанда, жауын-шашын бұрынғыға қарағанда жиілегенін айтып отырмын. Десе де, оның мөлшері он есе өспейді, бүкіл әлемді су басып кетпейді. Дегенмен, мемлекеттер қазір болып жатқан жағдайдан қорытынды шығарып, сабақ алған дұрыс, – деді климатолог. 

Коллаж: egemen.kz 

Байланысты жаналықтар

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

04.05.2024

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

04.05.2024

Ресей Қазақстан үшін қант экспортына шектеу енгізді

04.05.2024

Елімізде 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін

04.05.2024

Қор нарығында доллар қымбаттады

03.05.2024

Алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

03.05.2024
MalimBlocks
Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан тергеу изоляторында отырған бір күдікті үшін айына 750 мың теңге жұмсайды

Қазір үй қамақтағы күдіктілерге электронды білезік қолдану тәжірибесі көбейіп келеді.

Ресей Қазақстан үшін қант экспортына шектеу енгізді

Бұл туралы РФ Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Елімізде 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда фармацевтикалық препараттардың құны соңғы бір жылда 11 пайызға өскен.

Қор нарығында доллар қымбаттады

Ұлттық банктің ресми бағамы — 1 долларға 443,37теңге.

Алдағы күндері елімізде күн қайта суытады

Мұның себебі – қысым өрістерінің жылдам өзгеруі.