Мұғалімдер еңбек демалысы туралы нені білуі керек?

Оқу жылы аяқталып, педагогтар жыл сайынғы еңбек демалысына шыққалы жатыр. Ал демалыс алдында мұғалімдер тарапынан биылғы еңбек демалысы қалай есептеледі деген сұрақтар жиі қойыла бастады.

  • 26.05.2023

 Оқу-ағарту министрлігі бюджетті жоспарлау департаментінің еңбекке ақы төлеу әдіснамасы басқармасының басшысы Гүлмира Тоқпанова бұл сұраққа төмендегідей түсініктеме берді:  

Педагогтарға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының екі түрі беріледі. Негізгі және қосымша. Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әрбір педагог ұзақтылығы 56 күнтізбелік мөлшерінде негізі еңбек демалысын алуға құқылы. Білім беру ұйымдары көп жағдайдаларда жеке лауазымдардың мысалы, мектеп алды сынып тәрбиешісінің, музыка жетекшісінің, концертмейстердің, көркемдік жетекшісінің, хареографтың, аудармашының, сурдопедагогтың, вожатый, жастар ісі жөніндегі инспектор, өндірістік оқыту шебері сияқты педагогтардың күндерін қысқартады. Естеріңізге сала кетейік аталған лауазымды педагогтары стандартты демалыс алу керек. Күнтізбелік 56 күн. Толық емес жұмыс күн бойынша жұмыс істейтін педагогтерге де осындай күндер беріледі. Экологиялық қолайсыз аудандарда және радияциялық қаупі бар аймақтарда тұратын педагогтер үшін қосымша демалыстар қарастырылған.

Экологиялық қолайсыз аумақта тұратын педагогтер үшін қосымша демалыстың ұзақтығылы 7 күннен 12 күнге дейін мерзімді құраса, радияциялық қаупі бар аймақтарда тұратын педагогтер 5 күннен 14 күнді құрайтын қосымша демалысына құқылы.

Мұғалімдердің еңбек демалысы мен сауықтыру жәрдемақысын есептеу алгаритмін айта кетейін. Мереке күндер еңбек демалысы болып есептелмейді. Еңбек демалысын беру кезінде нақты жұмыс істеген уақыт ғана есепке алынады. Еңбек демалысы орташа күндік жалақыны демалыс күндердің санына көбейту арқылы есептелінеді. Орташа күндік табыс 12 айдағы есептелген жалақы сомасын нақты жұмыс істеген күндер санына бөлу арқылы есептелінеді. Егер мұғалім бір жылдан аз уақыт жұмыс істеген болса онда орташа бір күндік жалақыны есептеу үшін нақты жұмыс істеген айлар ғана есептелінеді. Еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толықтай пайдаланбаған педагогке өтемақы төленеді. Өметақыны есептеу үшін орташа күндік табыс пайдаланбаған демалыс күндердің санына көбейтіледі. Еңбек демалысының төлемі және пайдаланбаған еңбек демалыс үшін төленген өтемақыдан салық ұсталынады. Әрбір білім беру ұйымы еңбек демалысының төлемдерін уақытылы төлеуге жауапты. Еңбек демалысының төлемі демалыс басталғанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей төленеді. Егер педагогтың еңбек демалысы демалыс кестесінен тыс болса оған төлем демалыс берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс. Еңбек демалысын беру кезінде сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымды жалақы мөлшерінде төленеді. Білім беру ұйымдарының штаттық қызметкерлері болып табылатын – директор, әдіскер, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, педагог-ассистент лауазымдарының жалақы мөлшері базалық жалақыны тиісті коэфиценттерге көбейту арқылы айқындалады. Пән мұғалімдері үшін нормативтік оқу жүктемесі белгіленген. Сондықтан олардың жалақы мөлшері лауазымдық ақыны апталық нақты оқу жүктемесіне көбейту және шыққан туындыны нормативтік оқу жүктемесіне бөлу арқылы айқындалады. Нәтижесінде қосымша ақылар мен үстеме ақылар қамтылмайтын жалақының негізгі бөлігі есептелінеді. Нормативтік жүктемесі бар мұғалімдерге сауықтыруға арналған жәрдемақының мөлшері оларға еңбек демалысы берілген күннен нақты оқу жүктемесінен есептелінеді.              

Байланысты жаналықтар

Сәпиев неге декреттік демалысқа шыққанын түсіндірді

21.08.2020
MalimBlocks
Сәпиев неге декреттік демалысқа шыққанын түсіндірді